
- 18 Ақпан 2021
Мәртебесі биік
Ұстаздар қауымына негізсіз артықшылықтар беріліп жатыр деген сөздер қоғамда жиі айтылмаса да, оқта-текте естіп қалатынымыз бар.
- 18 Ақпан 2021
БАЛАНЫ ЖАСТАН...
Жаhандану шекара дегенді білмейді. Ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озады. Заманға сәйкес жаңғыру барлық мемлекеттер сияқты Қазақстанның алдында да өткір тұр. Екі дәуір түйіскен өліара шақта бейқамдыққа салынуға еш қақымыз жоқ. Мұндай келеңсіздіктерге қарсы төтеп берудің бірден-бір жолы – ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу, ата-бабаларымыз мұра ретінде қалдырған рухани бай қазынамызды шашау шығармастан жас ұрпаққа аманат ету. Оған жастарымыз дайын ба? Ең басты мәселе де, сұрақ та – осы.

- 18 Ақпан 2021
АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР
Ауданда білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. 4 нысаналы индикаторды, 25 көрсеткіш пен 31 іс-шараны орындау барысында толыққанды оқу үдерісінің барлық мүмкіндіктері қарастырылған. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын дамыту индикаторлары жүйесіне білім берудің тиімді нұсқалары таңдап алынып, қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттай білуде бірінші кезекте қалыптасқан тәжірибелерге арқа сүйейміз.
- 18 Ақпан 2021
Мұғалімдердің әдеп кеңесі
Білім және ғылым министрінің арнайы бұйрығымен білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан консультативтік-кеңесші орган құрылып, жұмыс істей бастады.
- 22 Қаңтар 2021
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛАҒАТ КӨЗІ
Баланың болашағы отбасындағы ата-ананың берген тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты екенін өмірлік тәжірибе анық байқатып жүр. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген екен атам қазақ. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, сүзгіден өткізген iзгi қасиеттерiн жеткіншектің тал бойына ұялата отырып, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру жолдары сан алуан. Ұлттық тәрбие бүгінгі таңда ауадай қажет. Қоғамда жиі кездесетін келеңсіз көріністерге үйреніп кеткеніміз соншалық, қалыпты құбылыстай қабылдайтын болдық. “Қиын” балалар жайлы сөз қозғала қалса, өзімізді емес, өзгені кінәлауға бейімбіз. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің: “Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім” деп көрсеткеніндей, қажеттілікке жараған білім ғана құнды рухани игілікке айналмақ. Ұлттық құндылықтармен сусындаған ұрпақ қана болашақты гүлдендіреді, тәуелсіз еліміздің нығаюына қызмет етеді.