- 30 Наурыз 2021
БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

- 30 Наурыз 2021
КӨБІ ТЕГІН ОҚИДЫ
Облыс аумағында орналасқан колледж студенттерінің басым көпшілігі тегін білім алады.
- 30 Наурыз 2021
Мұғалімдерді марапаттаудағы өзгерістер
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздарды марапаттау жүйесіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді. Министр жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керектігін атап өтті.

- 18 Ақпан 2021
Бизнес пен білім сабақтастығы
Экономиканың негізгі қозғаушы күші – кәсіпкерлік десек, шағын және орта бизнес субьектілерінің дамуын озық инновацияларсыз көзге елестетудің өзі қиын. Заман ағымына орай үнемі жаңарып отыруды қажет ететін саланың бәсекелестік қабілеттілігі біліммен тығыз сабақтас екенін жұртшылықтың ескере бермейтіні өкінішті. Бизнес – өзіндік қиындығы мен ерекшелігі мол процесс болғандықтан, оның әліппесін меңгерудің маңызы айтпаса да түсінікті. Күрделілігі сонда, білім мен тәжірибенің жетіспеушілігінен мемлекет, қаражат және адами капиталға негізделгеннің өзінде кәсібін нәсіпке айналдыра алмай, оның ақыры банкротқа ұшырап жататын сәттер аз кездеспейді. Мұның бір ұшы білікті кадрлар даярлау ісінің кенжелеп қалғанына келіп тіреледі. Жасыратыны жоқ, жергілікті жерлерде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын талантты жастардың белсенді қызметін өз дәрежесінде қамтамасыз ете алмай келеміз.
- 18 Ақпан 2021
Жазбаша емтихан тапсырады
Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Ғалия Қожаева қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қорытынды емтиханның талаптары мен шарттарын түсіндіріп беруді өтініпті. Сауалға білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Әсел Есімсейітова жауап береді.