- 29 Сәуір 2021
Кітап — рухани қазына
Елімізде “Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021” жалпыұлттық акциясы өтіп жатыр. Бұл бастаманы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асыруда. Өңірдегі кішкентай оқырмандардың көркем әдебиетке қызығушылығын оятып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шаралар Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөсірімдер кітапханасында да қолға алынды.
- 29 Сәуір 2021
Кемтарлық кедергі емес
Ерекше білім беру қажеттілігі – өркениетті елдерде ежелден кеңінен таралып, әбден қалыптасқан түсінік. Яғни, инклюзивті білім берудің принциптеріне сәйкес әр оқушының білім алуы, оған барлық жағдайлардың жасалуы қатаң қадағаланып отырылады. Психологиялық-педагогикалық әдістер арқылы жүзеге асырылатын білім беру үдерісі жүйесінде балалардың тең дәрежеде және еш кедергісіз оқуы – басты шарт. Қазақстанның қолданыстағы заңнамаларында балаларды қорғау мәселесі халықаралық құжаттарға сәйкестендірілген. Елімізде білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына орай инклюзивті оқыту 2011 жылдан енгізіле бастады. 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету қарастырылған. Бүгінде елімізде оқушылардың дамуындағы ауытқушылықтың салдарынан туындайтын ерекше білім беру қажеттіліктері тек арнайы мектептерде ғана толық көлемде қанағаттандырылады. Оларда психологиялық-медициналықпедагогикалық кеңестің қорытындысы мен ұсыныстарын алған мектеп жасындағы балалардың 14,2 пайызы оқиды.
- 29 Сәуір 2021
Басқармаға бағынады
Биылдан бастап білім беру саласын басқару жүйесі өзгереді. Аудандық және қалалық білім бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім басқармаларына беріледі, талап мектептер мен балабақшаларға қатысты. Бұл жалпы білім беру саласы үшін өте маңызды қадам болып табылады. Мектептер мен балабақшалар облыста бір орталықтан ғана басқарылса, қаржыландыруды теңестіру және арттыру мәселелері кешенді түрде шешілетін болады.

- 29 Сәуір 2021
БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ
“Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы” демекші, баланың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуы ата-анамен қатар ұстазға да байланысты. Шәкірт жүрегіне білім нәрін сеуіп, ізгілікке тәрбиелеуде Әсем-Жұлдыз Баймұқанова сияқты мұғалімдердің еңбегі көпке үлгі. Шал ақын ауданы Ысқақ Ыбыраев атындағы ауыл мектебін үздік тамамдап, ұстаз болуды алдына мақсат еткен ол – Петропавлдағы педагогикалық институтта білім алды. Қалың қазақ ортасынан шыққан жасқа алғашында орысша оқу қиындық келтірсе де, таудай талабының арқасында намысты қолдан бермеді.
- 29 Сәуір 2021
Ұлттық тәрбие қайнары
Атаның өсиетін көкейіне тоқып, ананың асыл қасиеттерін бойына сіңіріп өскен ұрпақ өмірден өз орнын табары заңды. Ондай көргенді бала ешқашан қор болмайды. Сол үшін тал бесіктен бастап ұлттық тәрбиеге бейімдеу әр ата-ананың өмірлік парызы деп ойлаймын. Бала әке-шешенің жүріс-тұрысына, сөйлеген сөзіне, күнделікті іс-әрекетіне қарап ой да, бой да түзейді.