- 01 Қазан 2021
Асханасы жоқ
“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мектептерге жүргізілген мониторинг қорытындыларын шығарды.
- 01 Қазан 2021
Ұшырдың баптап ұядан
Жақсы мұғалімнің тәрбиесін көрген біз өзімізді шын мәнінде бақытты сезінеміз, болашағымыздың жарқын боларына сенеміз. 11 жыл бойы білім алған Озерный орта мектебінің білімді де білікті ұстаздары жайлы айтарымыз көп, алғысымыз шексіз.

- 09 Маусым 2021
“ҚИЫН БАЛА” ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
Ювеналдық полиция қызметкерлерінің негізгі міндеттері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табылады. Биылғы 4 айдағы талдау көрсеткендей облыс орталығында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың саны, былтырғыға қарағанда, 8-ден 18-ге дейін, яғни 225 пайызға артқаны байқалады. Бұл – жай ғана цифрлар емес, қоғамды алаңдататын өте өзекті мәселелердің бірі. Ақиық ақын Мағжан Жұмабаев жас бала – жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, үлкейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ деп ой түйеді.
- 09 Маусым 2021
Құжаттарды апостильдеу
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу, яғни заңдастыру мемлекеттік қызмет көрсету түріне жатады. Былтыр 103, биыл 40 құжат куәландырылып, түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылды. Білім және ғылым министрінің бұйрығымен “Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу” мемлекеттік қызмет қағидалары бекітілгеніне, тиісті ақпараттар интернет-ресурста орналастырылғанына қарамастан заңнамаға сәйкес рәсімделмейтін, белгіленген тәртіп шарттары сақталмайтын жайттар ұшырасып қалады. Сондықтан ресми құжаттарды заңдастырудың кейбір жолдарына тоқтала кеткенді жөн көрдік.
- 09 Маусым 2021
Тәжірибе ізденістен басталады
Педагогтар үшін кәсіби шеберліктерін үздіксіз шыңдау, мамандықтарына сәйкес сараптама жасап отыру басты міндеттердің бірі саналады. Бұл орайда қалыптасқан педагогикалық тәжірибені кең ауқымда талдай отырып, түрлі ізденістерге жол ашудың мәні айрықша. “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ұстаздар қауымының педагогикалық қызметін шығармашылық тұрғыдан зерделеу жайына жете көңіл бөлінеді. “Білім беру ұйымдары педагогтарының тиімді тәжірибесін жинақтау технологиясы” тақырыбы аясында бірнеше семинар ұйымдастырылып, пән, бастауыш сынып, музыка, технология, көркем еңбек және дене шынықтыру мұғалімдері, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері үшін ашық пікір алаңына айналды десе де болады. Педагогикалық тәжірибені жинақтап, тарату барысында қатысушылардың нормативтік құжаттар, пәндерді оқыту дәрістері арқылы білімдерін дамытуға айрықша назар аударылды.