
- 01 Қазан 2021
КӨҢІЛ АЛАҢ
Жас өскін тәрбиесіне тонның ішкі бауындай қоян-қолтық араласқаныма 60 жылдан асыпты. Сондықтан мен үшін бала өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Ат жалына жармасып ержеткен ұл, тал шыбықтай бұралып бойжеткен қыз – еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы, тірегі, алтын діңгегі, негізгі байлығы. Олар тәрбиелі, көргенді, ибалы болса, қарияларымыздың қабағын мұң шалмайды, отбасы іргесі сөгілмейді.
- 01 Қазан 2021
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ОРДАСЫ
Көк байрағы аспанда желбіреген Тәуелсіз еліміздің жастарының сапалы білім, саналы тәрбие алуына зор үлес қосып отырған білім ошақтарының бірі – Тайынша қаласындағы агробизнес колледжі. Білім ордасының тарихы сонау 1959 жылдан бастау алады, кейіннен егемендіктің арқасында бұрынғы училище негізінде замануи колледж құрылды. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлап келеді. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде білім ордасынан мыңдаған түлек үлкен өмірге жолдама алды. Бүгінгі таңда бұл ұжымды ұлағатты ұстаз, еліміздің білім беру ісінің үздігі Даулыбай Ташетов басқарады. Өткен жылы ол білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары үшін “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды. Есімі “Қазақстанның алтын кітабы” жинағына енгізілді.

- 01 Қазан 2021
Ұлағатты жол
Ел болашағының алтын діңгегі саналатын ұлттық тәрбие мен сапалы білімнің негізі мектепте қаланады. Оқу ошағының басшысы – осы істе бағыт көрсетуші. Қызығы мен қиындығы, ауыры мен жеңілі қатар жүретін өмір өткелдерінде кісілік келбетін жоғалтпай, алға қойған мақсатынан айнымай жүре білу маңызды. Қарапайым мұғалімдіктен еңселі білім мекемесінің басшысына дейін көтеріліп, іскерлік қарым-қабілетімен көпке үлгі бола білген Күлтай Мұқанованы жұртшылық ұлағатты ұстаз, білікті басшы ретінде жақсы таниды.
- 01 Қазан 2021
Білімді ұрпақ — еліміздің ертеңі
“Ежелден үй саны 60-тан аспаған бөлімше едіңіздер. Бұрынғы әлеуетті кеңшар орталықтары тарап жатқанда орта мектепті ұстап қалғандарыңыз қуантады”, – деген сөздерді жиі естимін. Иә, ауыл – қазақтың күретамыры, ана тіліміздің, салт-дәстүріміздің, мәдениетіміздің, бір сөзбен айтқанда, ұлттық құндылықтарымыздың қайнар көзі ғой. Кеңес ауылы – бір-біріне ағайын, құда-жекжат, қойы қоралас, қазаны аралас шағын елді мекендердің бірі. Мұнда 1930 жылдары бастауыш мектеп ашылған. 1980 жылы негізгі, 2000 жылы орта мектеп мәртебесін алды. Тәуелсіздік алғаннан бері 228 түлек қанат қағып, екеуі “Алтын белгі”, сегіз шәкіртіміз үздік аттестат иегері атанды. 1997 жылы мектеп директорлығына Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Балапан Базарбекова тағайындалып, көптеген игілікті шаралардың бастамашысы болды. Кәсіби шеберлігі жоғары педагогикалық ұжым қалыптастыра білді. Ардагер ұстаз эстафетасын маған сеніп тапсырды, бүгінде сол аманатты абыроймен орындаудың, биік үдеден көрінудің жолын қарастырып келемін.

- 01 Қазан 2021
ТАҢДАУЛЫЛАР ҚАТАРЫНДА
Жуырда “Елбасы медалі” жобасын іске асыру шеңберінде дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау көрсетуде барынша белсенділік танытқан ауыл мектептеріне талдау жүргізіліп, олардың арасынан Аққайың ауданындағы №1 Смирнов орта мектебі үздік деп танылды.