ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға маманданды­рылған облыстық гимназия-интернатында жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалім­дері зертханасының іргетасын есімі өңірімізге танымал ұлағатты ұстаз Әлия Малдыбаева қалаған болатын. Оқу бағдарламасы жаңартылған мазмұндағы үлгілік негізде түзіліп, ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген. 2017 жылдан бастап жаңартылған бағдарламаның кезең-кезеңмен енгізілуіне байланысты зертхана­ның құрамы да, мақсаты да өзгертілді. Пәндік курстардан өткен ұстаздар, оның ішінде 13 аудан мен қаланың 7 мектебінен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қабылданды. Қазір олардың саны – 27. Зертхана отырысы жылына 4 рет өткізіліп, қастерлі де қасиетті атқа ие мамандық өкілдерінің іс-тәжірибелері таратылады, кәсіби білікті­лік шеберлігін көтерудің қыр-сыры әңгімеленеді. Білімді, тәрбиелі ұрпақ өсірудің, мемлекетшіл тұлға қалыптастырудың өзекті мәселелері көтеріледі. Бір сөзбен айтқанда, тақырып аясымен шектеліп қалмай, кемел келешегіміздің бүгінгі өренде­рінің бойына жақсы қасиеттерді сіңірудің тың жолдары тынбай іздес­тіріледі.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 41

Еңбек өтіліміз – төрт ғасыр

Әулетіміз жайлы сөз бола қалса, әкеміз Виктор Акимовичті қимас се­зіммен еске аламыз. Тумысынан өте еңбекқор еді. 2016 жылы 90-нан асқан шағында дүниеден өтті. Қа­шан көзі жұмылғанша мектептен қол үзген жоқ. Ол өзі жұмыс істеген ауылда мектеп музейінің негізін қалағанын жұртшылық жақсы біледі. Туған жері – Ақмола өңірі. Соғыстан кейін педучилищеге түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шығады. 1947 жылы жұмысқа орналасып, Ново-Палестиновка және Гайдар елді мекендерінде мектеп директоры қызметін атқарады. Гайдар ауылында пионерлер поштасын құрады. 3-4-сынып оқушылары хат-хабар таратушылардың қызметін атқарып, газет-журналды үйді-үйге таратады. Балалар өздеріне сеніп тапсырылған қоғамдық істі барынша жауапкершілікпен атқарады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 9

ШЫҒЫСТАН ШЫҚҚАН ДАНЫШПАН

Шығыстың әйгілі ойшылы, философ, математик, физик, астроном, лингвист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын саласындағы Фараб шаhарында (қазір Түркістан облысы Отырар ауданы) дүниеге келген. Ғұламаның толық аты – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби. Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасына айналған. Мұнда Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасқан. Соның арқасында әл-Фараби баға жетпес құнды қолжазбаларды, кітаптарды көз майын тауыса оқып, білімін, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 42

Қоржында – сегіз жүлде

Ұлы ғалым, философ, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында жаратылыстану-математика пәндері бойынша онлайн-режімде халықаралық олимпиада өтті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 31

ЕҢБЕКАҚЫ ӨСЕДІ

Елімізде балалардың оқуға құштарлығын арттыру мақсатында жол картасы әзірленді. Оның негізгі бағыттарының бірі – мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру. “Оқулық” ғылыми-практикалық орталығы басшылығының айтуынша, мектеп кітапханаларының қорында 200 миллионнан аса әдебиет бар. Бірақ олардың 20-30 пайызы жарамсыз. Соған байланысты мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру мәселесі қолға алынып отыр.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 32

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика