
- 10 Желтоқсан 2020
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ
Еліміздің кемел болашағы – мектеп қабырғасындағы жас ұрпақ екені даусыз. “Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады”, – деген екен ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаев. Жалпы орта білім берудің басты мақсаты өзіндік көзқарасы айқын, әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуға дайын тұлға қалыптастыру десек, мектебімізде жұмыс істейтін 52 мұғалім озық ойлы, шәкірт тәрбиелеуді қашанда басты мақсат тұтады. Егемендігіміздің елең-алаң шағында шаңырақ көтерген, жерлесіміз, белгілі кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің тарихына бүгінгі күн көкжиегінен көз салатын болсақ, қиындығы мен қызығы қабаттаса өрілетін сәттерге толы екенін аңғарамыз.
- 09 Желтоқсан 2020
Қияға қанат қақтырған
Ұстаз туралы толғансам, көз алдыма биыл құрылғанына 85 жыл толып отырған Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат елестейді. Бай тарихы бар қарашаңырақ қабырғасынан мыңдаған шәкірт білім нәрімен сусындап қанат қақты. Аяулы ұстаздарымды мерейтоймен құттықтай отырып, мен үшін ыстық жан Жанар Әбілова жайлы әңгімелемекпін.

- 09 Желтоқсан 2020
ЖАҚСЫНЫҢ ЖАТТЫҒЫ ЖОҚ
“Covid-19” вирусының өршуіне байланысты өңірімізде карантин шаралары қатаңдатылды. Осыған орай білім беру ұйымдарында қашықтан оқытумен қатар кезекші сыныптар ұйымдастырылды. Коронавирус індеті ұстаздарды қашықтан сабақ беру жүйесінің артықшылықтарын меңгеруге де төселдірді. Ата-аналар тарапынан да баланың тәрбиесін, оқуын қадағалау күшейтілді.
- 09 Желтоқсан 2020
Жүзден жүйріктер
Педагогтарды түрлі іс-шараларға қатыстыру арқылы кәсіби қабілеттерін шыңдау білім үдерісінде басты талап болып саналады. Абайдың 175 жылдық мерейтойына және “Жүзден жүйрік” байқауының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара осындай мақсатты діттеді. Онда білім беруді сапалық жағынан жетілдірудің, озық педагогикалық тәжірибелердің қолжетімділігін қамтамасыз етудің мүмкіндіктері қарастырылды.
- 09 Желтоқсан 2020
Бала қызығушылығы – балабақшадан
Тіл меңгеру жүйелі әрі табанды жұмысты қажет ететінін өз тәжірибемнен жақсы білемін. Мәселен, ата-ана үйінде баланы бір нәрсеге жастайынан үйретіп, баулыса, ол кейін өмірлік дағдыға айналады. Мен өз тарапымнан мектепке дейінгі жастағы жеткіншектерге қазақ тілін жақсы деңгейде оқытуға ұмтылып, меңгеріп кетуін қарастырып отырамын. Бір байқағаным, кез келген баланың қызығушылығы мен ынтасын оята білсек, тілді тез үйренеді. Балабақшаға келгенде, қоштасқанда, тағы басқа қарым-қатынас жағдайларында тіл, сөз қайталауларын тез қабылдайды. Шамам келгенше белгілі тақырыптар бойынша сөздерді жаттатумен шектелмей сөз тіркестерін ойларына сіңіруге тырысамын.