ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖЫЛНАМА

Өңіріміздің ақпарат айдынында өзіндік орны бар облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газеті алдағы жылы ғасыр тойын атап өтпек. Басылым бетінен бұл оқиғаны ауқымды деңгейде атап өту қажеттігі жөнінде замандасым Зейнолла Олжабаевтың үнқатуын оқып, оған пікір қосуды жөн санадым.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 126

ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНІҢ АЙНАСЫ

Облыстық “Soltústik Qazaqstan“ газеті ұзақ жылдардан бері қоғам жаңалықтарын, әдеби-мәдени өмірін қарасөзбен кескіндеп, оқырманның талғамынан шығып жүр. “Халықтың көзі, құлағы һәм тілі” атанған, Қызылжар өңірінің шежірешісіне айналған басылымның алғашқы санының шыққанына 100 жыл толады. Ғасырлық мерейтойы қарсаңында және баспасөзге жазылу науқанына орай Тимирязев ауданында оқырмандармен жүздесу өтті. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 75

ЖАҚСЫЛЫҚҚА БІР КІСІДЕЙ ЖҰМЫЛАЙЫҚ

Тимирязев ауданындағы Жарқын ауылының тұрғындары үшін облыс жұртшылығы қасиетті қарашаңырақ деп құрметтейтін “Soltústik Qazaqstan” газетінің орны қашанда бөлек. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 68

МАҒЖАН – “КЕДЕЙ СӨЗІ” МЕН “БОСТАНДЫҚ ТУЫНДА”

1919 жылғы 10 шілдеде Ресей үкіметі өлкені әскери-азаматтық тұрғыда басқаруды жүзеге асыра отырып, болашақ Қазақ республикасын құруға дайындық жасайтын Қазақ революциялық комитетін құрды. Қазревком билігінің қарамағына Астрахань губерниясындағы қазақ аумақтары мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары берілді. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 81

ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЕН БАҒАЛЫ

Есіл ауданындағы Тауағаш ауылының тұрғындары ұзақ жылдан бері облыс айнасы – “Soltústik Qazaqstan” газетін сүйіп оқиды. Ата-әжелеріміз, әке-шешелеріміз оқыған газет біздің де қолымыздан түспейді. Себебі, облыстық газеттің әр кезде де көтерер жүгі ауыр. Жастарының ұлғайып қалғанына қарамастан, қарттарымыз да ғасырлық тарихы бар басылымға жазылып, үзбей оқиды. Бүгінде зейнет жасына жетсе де “Газетім қайда? Жыртып тастап жүрмеңдер!” деп, үйдегі бала-шағаға ескерту жасап, газеттің бір нөмірі көзінен таса болса, кәдімгідей дегбірі кететін ата-әжелеріміз көп. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 115

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика