ҒАСЫР ЖҮГІН АРҚАЛАҒАН БАСЫЛЫМ

 

 

 

Қызылжар өңіріндегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы болып саналатын облыстық “Soltústik Qazaqstan” газетінің алғашқы санының жарық көргеніне келесі жылдың ақпан айында 100 жыл толмақ. Өткен ғасырдың басында өз оқырмандарына жол тартқан басылым осы уақыт ішінде талай “тар жол, тайғақ кешуден” өтіп, өзінің мерейтойына жақындап келеді. Облысымыздың мәдени-рухани өміріндегі осынау айтулы мереке қарсаңында редакция ұжымы өз оқырмандарымен кездесулер өткізуде. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 99

ҰСТАЗДАРДЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ

Соңғы жылдары “Soltústik Qazaqstan” газетінің тілшілері жұртшылықты басылымға жазылуға үгіттеп, табандарынан тозып, зыр жүгіріп жүр. Бұл нені білдіреді? Бүгінгі қоғамда газет, кітап оқитын көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың азайғанының айғағы. Осылай кете берсек, біз сөзсіз шыңырауға құлаймыз.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 97

АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ ҮНІ

Облыстық “Soltústіk Qa­zaqs­tan” газетінің 100 жылды­ғын тойлау және басылымға жазылу науқанына орай кезек­ті іссапарымыз Мағжан Жұма­баев ауданында жалғасты. Аудан орталығы – Булаево қа­ла­сының тұрғындарымен кез­дескен “Қызылжар-Ақпарат” ЖШС-нің директоры Жарас­бай Сүлейменов газеттің өткені мен бүгіні, болашағы жа­йында әңгіме қозғап, руха­ният саласының өзекті мәсе­лелеріне тоқталды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 62

ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚҚА — 100 ГАЗЕТ

Қызылжар өңіріндегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – “Soltústik Qazaqstan” газетінің алғашқы санының оқырман қолына тигеніне алдағы жылы бір ғасыр толмақ. Сөз жоқ, бұл – облысымыздың рухани өміріндегі айтулы оқиға. Бастауында Алаштың небір зиялылары тұрған басылым осы жылдар ішінде талай “тар жол, тайғақ кешуден” өтіп, өз оқырмандарының биік талабынан шығуда, жерлестерімізді еселі еңбекке жұмылдыруға, тіліміз бен діліміздің дамуына, ұлттық рухымыздың көтерілуіне, қазақтың әдебиеті мен мәдениетін өркендетуге лайықты үлес қосуда. Газет журналистері қоғамның небір өзекті мәселелерін орынды көтеріп, жылдар бойы жинақталған жақсы дәстүрді жалғастыруда.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 60

ІРГЕСІН МАҒЖАН ҚАЛАҒАН БАСЫЛЫМ

Облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетінің ұжымы басылымның жүз жылдығы қарсаңында аудан, ауылдарда болып, оқырмандармен кездесулер өткізіп жатқанынан хабардармыз. Ауылдағы ағайындардың газетке жазылу науқаны кезінде Смағұл Сәдуақасов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Сафуан Шәймерденов сынды алып тұлғаларымыз қызмет еткен басылымға жанашырлық танытып отырғаны қуанарлық жай. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 103

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика