ҒАСЫРҒА ҰЛАСҚАН ҒҰМЫР

Қара күзде басталған мерзімді баспасөзге жазылу науқанының өз мәресіне жетуіне саусақпен санар­лық күндер қалды. Жылдың қоры­тындысы шығатын тұста біз де га­зе­тіміздің таралымын, яғни оқыр­ман­дарымыздың санын анықтай­тын боламыз. Биылғы газетке жа­зы­лу нау­қаны біз үшін ерекше. Өйт­кені, ке­лесі жылдың ақпан айында Қы­зыл­жар өңіріндегі қазақ баспа­сө­зінің қарашаңырағы болып сана­латын “Soltústik Qazaqstan” газеті­нің алғашқы саны оқырман қолына тигеніне 100 жыл толады. Облысы­мыздың мәдени-рухани өміріндегі осындай айтулы күн – қалың оқыр­ман қауым ұлтжанды азаматтар үшін мерей.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 77

ГАЗЕТ — ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Мен 1965 жылы Алматыдан педагог мамандығын меңгеріп, диплом алып келгеннен кейін, еңбек жолымды осы өзім туып-өскен өңірде бастадым. Мұғалімдік өмірімнің алғашқы жылынан бастап “Soltústik Qazaqstan” газетіне үзбей жазылып, өзіме рухани азық алып келемін. Оған да 55 жыл өтіпті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 88

ТАСҚА БАСЫЛҒАН ТАРИХ

Газетке жазылған сөз тасқа басылған тарихпен тең. Қазақ халқының арғы өмірі жайлы деректер жыр-дастандар арқылы ауыздан-ауызға тарап, бүгінгі күнге жетсе, тұңғыш басылымымыз – “Түркістан уәлаятының газеті” жарық көрген 1870 жылдардан бергі еліміздің бастан кешкендері қағазға түскен. Ауызша айтылған тарихта аз болса да, ауытқушылықтар, сәйкессіздіктер болады. Ал газет сөзін өзгерту мүмкін емес. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 89

ТӨЛ ГАЗЕТ – ТӨРІМІЗДЕ

Газеттің 100 жылдығы – түсіне білген адамға халықтың бір ғасырлық жылнамасы. Алдағы жылы мерейтойын атап өткелі отырған “Soltústik Qazaqstan” газетін өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап оқып келемін. Алаш арыстарының ізі қалған, ұлттың шын жанашырына айналған басылымды біздің ауыл тұрғындары ерекше құрметтейді. Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылы – көркемсөздің зергері, академик жазушы Ғабит Мүсіреповтің алтын бесігі. Сондықтан да “Soltústik Qazaqstan” біз үшін ханнан да қадірлі, биден де ардақты. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 89

ҰЖЫМ БОЛЫП ЖАЗЫЛДЫҚ

“Soltústik Qazaqstan” газеті – бала кезімізден жата-жастанып оқитын қарт басылым. Алдағы жылдың ақпанында бір ғасырлық мерейтойын атап өткелі отыр. Мұндай биік межеге жету – үлкен мерей. “Әр шаңыраққа – “Soltústik Qazaqstan!” ұранымен ауыл тұрғындары бастаған акцияға біздің ұжым – әл-Фараби мектеп-лицейі де үн қатуды ұйғарып, ұстаздар түгел бір жыл мерзімге газетке жазылды. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 103

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика