“ХАЛЫҚ ЖАУЫ” АТАНҒАН ҚАЛАМГЕР

1937-1938 жылдары қуғын-сүргін көрген, жазықсыз жапа шеккен абзал азаматтарымызды еске алу, олардың елі үшін еткен еңбектерін елеусіз қалдырмау бағытында бүгінгі күні бірқатар игілікті істер жалғасын табуда. Десек те, есімдері әлі күнге дейін атаусыз қалып, сіңірген еңбектері елге жеткізілмей, белгісіз күй кешіп жатқандары қаншама?! Олардың өз елі, халқы үшін сарп еткен өмірі мен қызметін егеменді еліміздің жастарына үлгі ету, есімдерін жарыққа шығару, елге таныту негізгі міндеттеріміздің бірі екені даусыз.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 122

ДӘУІР АЙНАСЫ

Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, қиын-қыстау кезеңдерде сенімді тірегіне айналған сүйікті басылымымыз “Soltústik Qazaqstan” газетінің әр нөмірінде терең тарих жатыр. Қай кезеңде болмасын, тіл, діл, мәдениет, руханият жанашыры бола білген өңірлік басылым оқырмандар арасында зор сұраныс тудырып, әр шаңырақтың төрінен табылып келеді. Биыл Мағжан, Смағұл, Сәбит, Сафуан сынды алып тұлғалар еңбек еткен Қызылжар өңіріндегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы болып саналатын “Soltústik Qazaqstan”­-ның алғашқы саны оқырман қолына тигеніне 100 жыл толады. Облысымыздың мәдени-рухани өміріндегі осындай айтулы күн барша солтүстікқазақстандықтар үшін мерей десек, артық айтқандығымыз емес.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 79

ТЕҢБІЛ ДОП ТАРТЫСЫ

Петропавл қаласындағы Спорт сарайында “Soltústik Qa­zaq­stan” газетінің 100 жылдығына орай шағын футболдан облыстық тур­нир өтті.
Спорттық шараның салтанат­ты ашылу рә­сімінде сөз алған “Қы­зыл­жар-Ақпарат” жа­уапкершілігі шектеулі серіктестігінің дирек­торы Жарасбай Сүлейменов өңір­дегі қазақ баспасөзінің қара­шаңырағы – “Soltús­tik Qazaqstan” газетінің тарихын­а қыс­қа­ша тоқта­лып, командаларға сәт­тілік тіледі.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 143

ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫН ҚАРАШАҢЫРАҚТАН БАСТАҒАН

Халқымыз қарашаңырақ деп құрметтейтін “Soltústik Qazaqstan” газетінде еліміздің небір ардақты ұлдары қызмет атқарғаны көпшілікке мәлім. Солардың арасында еңбек жолын осы басылымда бастап, кейін телеарна мен радиода табысты еңбек еткен журналист Малдыбай Қоқыбаевтың есімін атап өтпеуге болмайды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 277

АЗАМАТ ЕДІ, ӘМІРЖАН!

Республикада тың өлкесінің құрылуына байланысты бұрын шығып тұрған облыстық “Ленин туы” 1963 жылы жабылып қалды да, сол өлкенің таратылуына орай 1966 жылы қайта ашылды. Мен 1966 жылы сол кездегі С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, облыстық газетке келіп қызметке орналастым. Газеттің редакторы Құрмантай Меңдіғожин, жауапты хатшы Әміржан Мәутенбаев екен. Екеуі де Алматыдағы республикалық “Социалистік Қазақстан” газетінен жіберілген. Алғашқысы – онда жауапты хатшы, екіншісі – секретариатта істеген екен. Әміржан Мәутенбаев – Есіл ауданындағы Өрнек ауылының тумасы. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 55

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика