ҒАСЫР ШЕЖІРЕСІ

Газет – бүгінгі күннің айнасы, ертеңгі күннің шежіресі. Салқар тарихты қағаз бетінде таңбалаған кестелі сөз – баға жетпес құндылық. Сондықтан да қай кезеңде де газеттің қадір-қасиеті кемімейді. Керісінше, жыл өткен сайын оның абыройы асқақтайды. Өйткені, газеттің сөзі мыңжылдық.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 51

JYR-SHASHÝ

Өзіңді мақтан етем мен

Бір ғасыр бұрын қадамын нықтап бастаған,
“Бостандық туы” серпілтіп көпті тастаған.
Алыптар салып кеткен бұл соны сүрлеуде,
Құрыштай болып шынықты небір жас қалам.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 88

ОБЛЫС ӘКІМІ Қ.АҚСАҚАЛОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді өңіріміздің қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі аса маңызды оқиға – “Soltústіk Qazaqstan” газетінің ғасырлық тойымен шын жүректен құттықтаймын!

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 48

ЖҮРЕГІМНІҢ ҚАЛАУЫ

Мен өңіріміздегі абыз басылым – “Sol­tústik Qazaqstan” облыстық газетінде қа­лам тербеп жүрген жастардың бірімін. Бү­гінде алғашқы санының жарық көргеніне 100 жыл толып отырған газет өмірімнің ажырамас бір бөлігіне айналды десем, асыра айтқандық болмас. Өйткені, кеше газеттің әр санын асыға күткен оқырман болсам, бүгін соның журналисімін. Бір ға­сырлық тарихы бар баспасөзде еңбек жо­лын бастау – әркімнің маңдайына бұйы­­ра бермейтін бақ. Қарап отырсам, қа­сиетті қарашаңыраққа кездейсоқ келмеп­пін. Ба­ла кезден әр басқан қадамым мені сүйікті редакцияма жақындата түскен екен.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 71

СӨЗДІҢ КИЕСІН СЕЗІНДІМ

Есейгенде қанатымен су себер қарлығаштай, қо­ғамға пайдасы болар қызметтің тізгінін ұстасам деп ар­ма­ндайтынмы

н. “Адам өміріне араша болатын ақ ха­латты абзал жандардың қатарынан табылсам ба, әл­де ел игілігін үстем етер ғалым болсам ба екен?!” дей­­тін едім. Бала қиял, жүйрік еді-ау... Қолыма алғаш қа­­лам ұстатқан ұстаздарыма тәнті болып, бола­шақ­­та шәкірт тәрбиелеуге тас түйініп, арман жете­гінде Ал­маты қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетіне құжат тапсырғаным да есімд­е. Алайда, жүрегімнің қалауы ұлт мұраты жо­лында жүрген журналистермен бірге қоғамның игілігі үшін еңбек ету екенін туған өңірімдегі абыз басы­лымның табалдырығын аттағанымда анық ұқтым.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 84

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика