ЖҮЗЖЫЛДЫҚ ЖЫЛНАМА

“Soltústіk Qazaqstan” газетінің бір ғасырлық тарихы жайлы айты­лып та, жазы­лып та жүр. Жұртшы­лық оны елі­міздің рухани өмірінде­гі айтулы оқиға ретінде қабылдау­да. Шы­нында да, еліміздің бір ға­сыр­лық шежіре-тарихын осы га­зеттің сарғайған беттерінен та­батынымыз анық.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 294

АЛЫПТАРДЫҢ ОРДАСЫ

Газет – ел айнасы, өлке шежіресі, рухани-мәдени дамудың көрсеткіші. Ғасыр құрдасы, оқырмандар сырласы “Soltústіk Qazaqstan” газеті – ХХ ғасыр мен Тәуелсіздік дәуірінің нақты куәгері, жалынды насихатшысы. Онда халықтың бастан кешкен трагедиялық-тарихи оқиғалары, ұлы-ұлы жеңістері, өлке өркендеуінің керемет белестері, руханият кеңістігіндегі қайраткерлердің ұлтқа, ұрпаққа қызметі толық көрініс тапқан деуге болады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 81

ҰШҚАН ҰЯМ

Қызылжар өңірінің қасиетті қарашаңырағы – “Soltústik Qazaqstan” газетінің 100 жылдық мерейтойы – облысымыздың қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 89

АРДАҚТЫ ТҰЛҒА

Абыз басылымның алғашқы саны осыдан тура жүз жыл бұрын Омбы қаласында жарық көрді. Кейін Ақмола губерниясы құрылып, оның орталығы – Петропавл қаласына газет “Бостандық туы” деген атаумен көшірілді. Басылымның алғашқы редакторларының қатарында Әбілқайыр Досовтың есімі де аталады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 75

МАҒЖАН ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ

Бүгін қазақ баспасөзінің тарихында ойып алар орны бар “Soltústik Qazaqstan” газеті жайлы ой толғаудың орайы келіп тұр. Енді санаулы күндерден кейін іргесін Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Ғаббас Тоғжанов, Бекмұхамет Серкебаев (атақты жерлесіміз, жезтаңдай әнші Ермек Серкебаевтың әкесі) сынды Алаштың ардақтылары қалаған, небір айтулы тұлғалардың қолтаңбасы қалған басылым абыз жастың биігіне көтеріліп, жаңа ғасыр беттерін парақтай бастайды. Олай болса, нақ бүгін газетіміздің әрлі-берлі тарихын тағы бір зерделеу еш артық емес.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 416

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика