ШОҚТЫҒЫ БИІК

Өткен ғасырдың басында “Кедей сөзі” деген атпен жарық көрген, уақыт белестеріне сай “Бостандық туы”, “Кеңес ауылы”, “Ленин туы” деген атаумен қызметі Тәуелсіздік дәуіріне жалғасқан “Soltústik Qazaqstan” газетінің жүріп өткен жолына қарасаңыз, осы сөздердің айғағын табасыз. Бір ғасырлық тарихы бар басылым көп емес. Бұл – шоқтығы биік басылым.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 82

АЙМАҚ ТАРИХЫНЫҢ АЙНАСЫ

2005 жылдың шұғылалы көктемінде өңіріміздегі аға басылымның 85 жылдығын салтанатты жағдайда бүкіл облыс жұртшылығымен бірге мерекелегеніміз есімде. Ақ тілектер жауған мерейтой кешінде газет жанашырлары лек-легімен басылым жайлы жылы лебіздерін білдіріп, газет ұжымын, барша оқырмандарын шын жүректен құттықтап, шығармашылық жаңа табыстар тілеген еді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 831

ӨЛЕҢІМНІҢ БІР ШУМАҒЫ ҒАНА ӨЗІМДІКІ ЕДІ

Бүгінде өзінің ғасыр тойын атап өткелі отырған “Soltústіk Qazaqstan” газетімен бала ке­зім­нен таныспын. Ол кезде бұл басылым “Ленин туы” деп ата­латын. Қызылжардағы қазақ-мектеп интернатында 5-6-сы­ныптарда оқып жүргенімде, об­лыстық газетке “Таң нұ­ры” де­ген өлеңім жарияланған­да тө­бем көкке сәл-ақ жетпей қалып қуанғаным күні кешегі­дей әлі есімде. Ол өлеңімнің жарияла­ну тарихы былай бол­ды. Мек­теп­те қазақ тілі мен әдебиеті­нен Мәрия Мырзатае­ва деген мұ­ғалімім мені өлең жазуға бейімдеп жүрген кез. Бірде үйге газетте қызмет істеп жүрген жер­лесіміз Ерғали Әбіл­мәжінов де­ген ағай келіп қалды. Ол менің өлеңдерімді сұрап алып, оқып көрді де, анама: “Мына баланы газетке шығарамын”, – деп қол­жазбаларымды алып кетті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 113

ҰЛТТЫҚ ГАЗЕТ hӘМ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

Тұтас бір дәуірдің жылнамасы саналатын “Soltústіk Qazaqstan” газетінің шаң басқан әр санын па­рақтай отырып, әлеуметтік-эко­но­микалық, саяси, тағы басқа сан-салалы мәселелермен қатар ата-бабамыздың кейінгі ұрпаққа мұра, мирас ретінде аманаттаған сарқылмас рухани құндылық­тары жайлы да кеңінен жазғанын байқау қиын емес. Оның ішінде ең соқталысы – күрделі тарихи ке­зеңнің тынысын тамыршыдай тап басып, ой елегінен өткізіп, елдігі­міз­дің, тұтастығымыздың басты өлшемі, мемлекеттік нышаны іс­петтес, күн көзіндей қуатты, ана сү­тіндей қасиетті тіліміз жайлы ағы­нан ақтарыла жазуы.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 77

МЕН ТІЛШІНІҢ ҚЫЗЫМЫН

Бір ғасырлық тарихы бар “Soltústіk Qazaqstan” газетін қолыма алсам, көз алдыма осы басылымның жанашыры – әкем, ұстаздықты өміріне серік еткен Сәркен Құлмағанбетовтің бейнесі елестейді. Менің әкем С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған соң Есіл ауданындағы Бұлақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек етті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 75

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика