САРА ЖОЛ

ХХ ғасырдың 20-жылдары “Кедей сөзі” атты шағын газеттен бастау алған басылым осынау сан жылдар ішінде бұралаңы мен қиындығы мол, үлкен сындарлы жолды артқа тастады. Сан қилы кезеңдерде “Бостандық туы”, “Кеңес ауылы”, “Ленин туы” болып шыққан, қазақ әдебиетінің танымал тұлғалары Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Сәбит Мұқанов, Мәжит Дәулетбаев, Елжас Бекенов, Шахмет Құсайынов, Әлжапар Әбішев, Әбділда Тәжібаев, Жақан Сыздықов, Жұмағали Саин, Дихан Әбілов, Сейітжан Омаров, Сафуан Шәймерденов қызмет еткен газет солтүстікқазақстандықтардың елдің даму жолындағы қажырлы еңбегін насихаттап, көпшілік оқырманға таныстырып отырды.

Қызылжар өлкесінің жарқын істерге толы тарихын жазуға “Soltústіk Qazaqstan” газеті зор еңбек сіңірді. Қай уақытта қызмет етсе де, заманның өз талабына сай, аталмыш өңірдің сүбелі өзгерістерін елімізге паш етіп, аймақтың тарихын жасауға өлшеусіз үлес қосты.
Бүгінгі таңда егемендіктің арқасында газет жаңа заманның табалдырығын аттаған Қазақ елінің қасиетті өлкесі – Солтүстік Қазақстан облысының тұрмыс-тіршілігі мен саяси-әлеуметтік-экономикалық алға басуын жаңа қырынан жазып келеді.
Осынау мереке күні облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетінің ұжымына, барша журналистерге шығармашылық табыс, еңбектеріне жеміс тілеймін!

Бүркіт АЯҒАН,
Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика