АУЫЛ ҚЫЗЫ

Ғалым Малдыбаев 1902 жылы қазіргі Шал ақын ауданына қарасты Жаңажол ауылында туған. Ұзақ жылдар бойы “Ленин туы” (қазіргі “Soltústik Qazaqstan”) газетінің редакциясында қызмет атқарған. Республикалық басылымдарда еңбек етіп, еліміздің бірнеше өңірінде облыстық және аудандық газеттердің ашылуына атсалысқан. Отызыншы жылдары “Орақ пен балға”, “Доңғалақ” атты жыр жинақтары шықты. 1943 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, КСРО Жазушылар одағының Жоғары әдеби курсын тамамдады. “Қырым қызы”, “Ақ көгершін”, “Ырғақ”, “Сарыарқа” атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрді. “Еңбектегі ерлігі үшін” медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған. Оқырман назарына Ғалым Малдыбаевтың 1940 жылы газетте шыққан “Ауыл қызы” атты мақаласын қайтадан ұсынып отырмыз. Мәтінді латын қарпінен кириллицаға Қазақстанның құрметті журналисі, газет ардагері Амандық Жантеміров аударды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 77

ТҰҒЫРЫ БИІК, ОРНЫ БӨЛЕК БАСЫЛЫМ

 

Алғашқы саны жарық көрген мезеттен бастап бір ғасыр бойы тұтас дәуір тынысын тамыршыдай тап басқан, ұлт шежіресінің аумақтық жылнамасы деген атқа лайық басылымның мерейлі мерекесі ел бойынша ұлықталғанына көзі қарақты оқырман куә. “Халықтың көзі, құлағы hәм тіліне” айнала білген газетіміздің құрметіне арналған келелі кездесулер, танымдық кештер, спорттық сайыстар, жер-жерлерде, аудандарда, ауылдарда бастау алып, тағылымға толы, үлгі-өнеге аларлық халықаралық конференцияға жалғасты. Ақылгөй абыз жасына жетіп, екінші дәуір төріне озған басылымның көзайым қуанышты сәттері, тебірене еске алатын өнегелік қасиеттері көп-ақ. “Өзі – бір күндік, сөзі – мың күндік” басылымның кешегісін, бүгінгісін салмақтап, ой таразысына безбендейтін болсақ, шығуына, іргетасының қалыптасуына, қоғамдағы өзіндік орнын табуына зор еңбек сіңірген Алаштың ұлы тұлғалары, одан беріде әр жылдары басшылық қызмет еткен ардақты азаматтар, тұтас журналистер қауымы ойға оралатыны заңды. “Өлі риза болмай, тірі байымайды” демекші, келешек ұрпақ үшін мәңгі өшпес рухани мұра, айшықты із қалдыра білген марқасқа мақтаныштарымыздың есімі қалай дәріптелсе де, артықтық етпейді. Редакция ұжымының ұйымдастыруымен “Қызылжар” орталық мешітінде дүниеден баз кешкен қаламгерлердің құрметіне ас беріліп, Құран оқытылуы “көзден кетсе де, көңілден кетпейдінің” айқын бір мысалы болды. Қаламынан толғанысты ойлар буырқанған, кестеленген көркем тіл төгілген қай-қайсысы да облыстың әлеуметтік-экономикалық, саяси өміріне белсене араласты. Қиялын қияға сермеп, өзекті мәселелерді арқау еткен өткір туындылар тудырды. Олардың да өмірі, шығармашылығы тұтас ұлттың тарихымен тығыз сабақтас. Елмен бірге түлеп, Мағжан, Смағұл салып кеткен сара жолды жалғастырған, бүгінде арамызда жоқ аға, орта буынның зайыптары, ардагерлер, басылым жанашырлары, тілеулестері арнайы шақырылып, бірнеше буын өкілдерін тоғыстырған шара ерекше жарасым тапты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 61

ГАЗЕТ — СЫРЛАСЫМЫЗ

Біз, аға буын өкілдері, газет беттерінен есімдері қалың елге танымал еңбек және соғыс ардагерлерінің, көрнекті мемлекет қайраткерлерінің жарқын тұлғаларын танып, олардың ұлағатты жолын кейінгі толқын – жастарға үлгі етеміз. Мектеп қабырғасынан бері сырласымыз, ақылшымыз, дүние танымымыздың қайнар көзі болып келе жатқан сүйікті газетімізбен рухани байланысымызды алдағы уақытта да үзбей жалғастыра бермекпіз.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 84

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

“Soltústik Qazaqstan” газеті ғасыр биігіне көтеріліп отыр. Біле білген жанға бұл аз уақыт емес. Газет жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдағы ахуалды халыққа жеткізеді. Оның өміршең болуы өңір журналистикасының тізгінін ұстап, көшін бастаған білікті, білімді тұлғалармен қатар қаламы қарымды, ойы ұшқыр тілшілерге де байланысты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 113

ДӘУІР – ДАСТАН

Қазақ баспасөзі – ұлтымыздың ұлы тұлғаларының арманы әрі өзге озған жұрттармен қазақ баласының терезесін теңестіруге ұмтылысы еді. “Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады” дегенге иманынан бетер табынған халық ауызекі тілден гөрі сауатты, тасқа басылған әріптермен әдіптелген кітап сөзіне зәру екенін ерте түсінген Алаш ғұламалары қараңғылықтың шеменіне шегенделген халықтың рухани бостандығын, сана сілкінісін баспасөз ғана оятатынына сенді. Сөйтіп, шетсіз-шексіз сайын далада бұқаралық үнжариялар шығаруға ұмтылыс көбейді. Кешікпей “Айқап”, “Тіршілік”, “Жас азамат”, “Қазақ” сияқты қазақ баспасөзінің қарлығаштары өмірге қанат қағып, ел-жұрттың көкірегіне сәуле шашты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 113

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика