ӘЙЕЛ – ҮЙДІҢ БЕРЕКЕСІ

“Үйлену оңай, үй болу қиын” дейтін халықпыз. Оңай мен қиын, ауыр мен жеңіл, ақ пен қарадан тұратын өмірде шаңырақты шайқалтпай ұстау – үйленген екі жасқа ортақ міндет. Дегенмен, үйдің берекесін келтіретін әйел затына артылатын жүк ауыр. Халық арасында қалған мына бір өсиет сөздердің келіндерге пайдасы зор болар:

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 55

“ОНЫ ӘЛІ СҮЙЕМІН”

“...Біздің отбасымыз сырттан қараған адамға бақытты, алаңсыз болып көрінеді. Өйткені, менің жарым, балаларым, үлкен үйім бар. Жарым – отбасына мейірімді жан, қамқор әке. Бірақ... мен қанша тырыссам да күйеуімді сүйе алмай қойдым”, – депті “Шаңырақ” қосымшасына хат жолдаған Ажар есімді келіншек.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 101

ӨНЕРЛІ ӘУЛЕТ

 Олар сахнада отыз жылдай бірге өнер көрсетті. Өздері тұрып жатқан Шал ақын ауданына ғана емес, бүкіл облысқа танылды. Олар деп отырғанымыз – Ниязовтар отбасылық ансамблі. Отағасы Қалқай Ниязов ансамбльге өзі жетекшілік етсе, зайыбы Майра, балалары Әлия мен Балғабай төртеуі өнерсүйер қауымның зор қошеметіне бөленді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 90

КӨКЕК ӘКЕЛЕР

Елімізде жас отаулардың жартысына жуығы неке құрған күнінен бастап бір жылға жетпей ажырасып тынады екен. Өкінішке қарай, олардың қатарында біздің өңірдің азаматтары да бар. Облыстық әділет департаменті атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жұлдыз Баймашеваның айтуынша, былтыр ажырасуға өтініш білдірген мың жарымнан астам азаматқа алимент төлеу міндеттелген. “2016 жылдан бері алимент өндіру ісі жеке сот орындаушыларының құзырына берілді. Бүгінгі күні біздің мамандар барлық аудандар бойынша әкелік міндетін орындағысы келмейтін ер-азаматтарды іздестіру шараларын белсенді жүргізгенімен, алимент өндіру ісі оңайға соқпай отыр. Өзінің тікелей борышын өтегісі келмейтіндердің қатары көбеймесе, азаяр емес. Олардың қатарында көкек әкелер ғана емес, бала-шағасын күйеуіне тастап кеткен әйелдер де бар”, – дейді бөлім басшысы.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 99

ЖАС АСПАЗДАР МЕКТЕБІ

Облыс орталығында тұңғыш рет балаларға арналған “Kids Classik Schoolfood” аспаздық мектебі ашылды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 57

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика