БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

Бата халқымыздың танымында ақ тілеудің белгісі саналады. Ел ішінде құрметке ие қарттар оны құрақ ұшып өсіп келе жатқан бөбектерге, жаңадан шаңырақ құрған отауға немесе жаңа түскен келінге арнап айтқанын көп кездестіреміз. Батаның маңызы онда айтылған ақ тілектердің түгел дерлік орындалып кетуінде емес, сөздің киесіне жан жүрегімен иланатын халқымыздың берік сенімінде жатқаны анық. Бата беру әдетте ауылдың абыз ақсақалдарымен қатар құдайы қонақтың да үлесіне тиген. Оқырман назарына ел аузынан жиналған баталарды ұсынуды жөн көрдік.


Отау иесіне арналған бата


Әуелі Құдай оңдасын,
Періштелер қолдасын.
Бақыт, дәулет, бақ пен мал,
Басыңа мәңгі орнасын.
Төрт құбылаң сай болсын.
Саған қастық ойлаған,
Ғұмырында оңбасын.
Ақылды бол, арлы бол.
Бақытты бол, малды бол.
Қатарыңның алды бол!
Әумин!

Бөбектерге бата


Көтерейік білекті,
Нұрға бөлеп жүректі.
Бөбекке бата берейік,
Ағынан айтып тілекті.

Сәбиіміз сүйкімді болсын,
Өнер-білімге икемді болсын.
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен, өршіл, өркенді болсын.

Жақсы жолды таңдасын,
Жамандық тәлім алмасын.
Даналардың дәстүрін,
Жаңаласын, жалғасын.
Әумин!

Қыз балаға бата
Талдай бой берсін,
Сұңғыла ой берсін.
Жаздай жамал берсін,
Қардай жанар берсін.
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.
Басына өнердің бағы қонсын,
Ақ орданың шамы болсын!
Әумин!

 

Қарияларға бата


Түндерің тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын.
Келіндерің есті болсын,
Ұлдарың намысты болсын.
Балаларың қуаныш әкелсін,
Немерелерің жұбаныш әкелсін.
Орындарың төр болсын,
Дастарқандарың мол болсын.
Қатарларың көп болсын.
Уайым-қайғыларың жоқ
болсын.
Еліңде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин!


Жинастырған Серікбай ҚҰСАЙЫНОВ,
күйші 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 66

ЕРГЕ ЕРСІ ҚЫЛЫҚ немесе нәзік жандарға жұдырық ала жүгіретіндерді қашан жүгендейміз?

28 жастағы айыртаулық Светлана Болатова үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бері Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Кәмелет жасына толмаған үш баласын алып, осында келуіне жұбайының ұрып-соғып, күн көрсетпеуі себеп болған. Нәзік жан жыл­дар бойы жақын адамынан қиянат көріп, азапқа үнсіз көніп келген. Отбасының қадірін қашырған орынсыз жанжалдардан шаршаған ана енді алдағы жарты жыл бойы аналар үйін паналауға мәжбүр.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 104

ӘКЕМНЕН ҚАЛҒАН МҰРА

Соңына ұмытылмайтындай өнеге қалдырып, өмір өткелдерінен өз ор­нын алған, бізге бейбіт өмір сыйлаған әкемді өмірден өтсе де, балаларының алды 70 жастан асса да, немере-шөберелері ұмытпақ емес. Еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткен, қиын-қыстау кезеңде қолына қару алып, Отан үшін от кешкен майдангер Шәрап Әубәкірұлы жайында сөз қозғамақпын.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 74

АЛТЫН ДІҢГЕК

Перзенті үшін түн ұйқы­сын төрт бөліп, бақытын баласынан іздеген ананың орны қашан да бөлек. Халқымыздың бұл асыл қасиеті ғасырлар бойы аңыз-әңгімелерге, жыр-дастандарға арқау болды. Немере-шөберелерінің ортасында бақыттан жүздері бал-бұл жайнаған қарт-қарияларды көргенде, бүгінгі ұрпақтың да ата-анаға деген ыстық ықыласының ортаймағанын көріп, қуанасың. Өмір жолында талай қиындықтарға тап болса да, тағдырдың сынына төтеп берген көпбалалы ана, ағайын-туысқа қадірлі Зұлқия Тайжолова осындай бақытқа лайық жандардың қатарында.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 99

ATADAN QALǴAN ASYL SÓZ

Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар,

Екі баласы бардың болар-болмас халі бар,

Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар,
Төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар,
Бес баласы бардың дес бермейтін жөні бар,
Алты баласы бардың алмай қоймас саны бар,
Жеті баласы бардың алмай қоймас жаны бар,
Сегіз баласы бардың сергелдеңге салар кәрі бар,
Тоғыз баласы бардың толғандырар жолы бар,
Он баласы бардың орда бұзар қолы бар.


ДОСАЙ БИ.  

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 93

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика