АРДАҚТЫ ЖАН

Бала бақытын тілеп, шаңырақ ішін шуаққа бөлеген ана қашан да ақ жаулығымен, қанатты сөздерімен, жылылық толы жүрегімен қадірлі. Ұрпақ сабақтастығын жалғап, кеудесіне алтын алқаны таққан менің анашым да – біз үшін өмірдегі ең қымбат адам. Ерке Есілдің бойында орналасқан Бірлік ауылындағы алтын құрсақты аналардың ізін жалғаған оның әрбір ісі мен сөзі – біз үшін үлкен мектеп. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан аяулы жан, “Алтын алқа” иегері Нүризат Қоңқашқызы он бір балаға өмір сыйлады. Ол алты ұл, бес қызды дүниеге әкеліп, ұрпағын қазақы қалыпқа салып тәрбиелей білді. Асыл жар, ардақты ана, аяулы әже бола білген анамыздың өмірі – біз үшін үлкен сабақ. Ауызбіршілікті үнемі алға қойып, ағайын-туысқа деген сыйластығымен ерекшелене білген нәзік жан бүгінде немере-шөберелеріне үлгі болып отыр.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 70

БАҚЫТ БАЛАЛЫ ҮЙГЕ ҚОНАДЫ

“Бақыт балалы үйге қонады” дейді аталы сөздердің бірінде. Мағжан Жұмабаев ауданының Сулышоқ ауылында тұратын ерлі-зайыпты Асхат Нүсіпов пен Гүлнұр Ахаева он бес бала тәрбиелеуде. Олар көпбалалы болуды шаңырақ көтерген күннен армандапты. Отағасы зоотехник мамандығы бойынша білім алғанымен, түрлі салаларда еңбек еткен, кейін зауытта өндіріс шебері болған қарапайым еңбеккер қазір ауыл шаруашылығы саласының қыр-сырын меңгере бастаған. Ал оның зайыбы Гүлнұр – көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқытатын маман.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 124

ҰШЫҚТАУ

Ескіден келе жатқан емдеу түрі – ұшықтау. Бұл емді халқымыз біреу ұшынып немесе қорқып қалған жағдайда қолданған. Негізінен, салқын суды науқастың денесіне немесе бетіне бүрку, шашу арқылы жасайды. Сонда дене тітіркеніп, сырқаттың беті бері қарайды. Демек, салқын су арқылы дене тітіркенгенде қан айналымы жақсарып, жүйке жүйесінің жұмысы қайта қалпына келе бастайды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 57

АТАҢНАН ҚАЛҒАН АС ЕМЕС

Өкінішке қарай, соңғы кезде ішімдікке салынып, абыройын айрандай төгіп жүрген жігіттерді жиі кездестіретін болдық. Әр күнін “бас жазудан” бастайтын олар бір шөлмек үшін бала-шағасын тастап кетуге әзір.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 62

АЯЛЫ АЛАҚАН

Елімізде төтенше жағдай режімі аяқталғанымен, тұрғындардың әлжуаз топтарына көмек көрсету шаралары әлі де жалғасын табуда. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы “Biz birgemiz!” акциясы аясында Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылында тұратын көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен көмектесті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 57

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика