ШЫНАЙЫ ҚАМҚОРЛЫҚ

Елімізде көпбалалы аналар жыл басынан бері 93,9 миллиард теңге көлемінде жәрдемақы алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қаңтар-мамыр аралығында орта есеппен 387,2 мың көпбалалы отбасыға 93,9 млрд. теңге мемлекеттік жәрдемақы төленсе, мамыр айында 396,5 мың отбасы жалпы сомасы 20,4 млрд. теңге қаржылай қолдауға ие болған.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 57

БАҒДАРЛАМА ШАРАПАТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылда жұмыс істегісі келетін жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасының аясын кеңейту керектігін айтқан еді. Соның нәтижесінде бүгінде шаңырақ көтерген талай жастар ауылға барып, жемісті еңбек етіп жүр. Олар қырдағы елдің тірлігін түлетіп, әр салада белсенділік танытуда. Былтырдан бастап Президенттің тапсырмасына сәйкес бағдарлама бойынша қамтылатын мамандықтар тізімі ұлғайтылып, шалғай елді мекенге көшіп баратын жастарға төленетін жәрдемақы мөлшері де арта түсті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 63

АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ

Қазақ “шаңырағымды ұстап, тегімді жалғастыратын ұлым болса екен” деп армандайды. Бірақ ортамызда ұл сүймесе де, кілең қыздарынан рақат көріп отырған отбасылар аз емес. Айыртау ауданындағы Бірлестік ауылында тұратын 48 жастағы Қамар Қызбикенова былтыр алтыншы қызын дүниеге әкеліп, алтын құрсақты ана атанды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 31

ЕРЛІГІ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

 Мөлдір аспанымызды бұлт торлап, шаттық әнімізді қайғылы үнге, нұрлы күнімізді қара түнге айналдырмақ болған фашистік Германияның Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасап, одан жеңіліске ұшырағанына биыл 75 жылдан асты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 60

ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Әмина әжей терезеге ұзақ телмірді. Әлдебір оқиға есіне түскендей, жанары жасаурап кетті. Қабырғасы жартылай жерге кірген ескі үйде бір өзі ғана тұрады. Саманнан тұрғызылған бұл баспана салынғалы қашан? Терезесі жермен деңгейлес үйдің тіреулері құласа, төбесі опырылып ортасына түсетіндей. Алайда, “кең сарайдай боз үйінен” әжейдің алыстап кеткісі жоқ. Өзіне сондай жайлы. Бақыттың мекені болған баспанасын хан сарайына да ауыстырмайды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 129

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика