АҚЫЛДЫҢ ДАРИЯСЫНДАЙ

Отбасының тірегі –  әкеге деген құрмет халқымыздың бойына сіңген ерекше қасиет емес пе? Ақылшымызды асқар тауға теңеп, оған бар сый-сыяпатымызды арнауымыз да сондықтан. Шәпеновтер әулетінде де осындай ізгі әдет бұрыннан қалыптасқан. Отағасы Мұхамедиар Шарафиденұлы өмір жолында еңбектің ерен үлгісін көрсетумен қатар өз ұрпағы мен айналасына үлгілі әке, абзал азамат, қайырымды жан ретінде таныла білді. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған жан өмірден өтсе де, оның жарқын бейнесі мен жүріп өткен өмір жолы көптің есінде мәңгі сақталары анық. 

Қазақ КСР халық ағарту ісі­нің үздігі Мұхамедиар Шәпенов 1934 жылы бұрынғы Қызылту, қазіргі Ақжар ауданының Ұялы ауылында дүниеге келген. Оның ұстаздық жолы өткен ғасырдың 50-інші жылдарынан бастау ала­ды. Туған ауылындағы жеті с­ы­нып­тық мектепке математика пәнінің мұғалімі болып орналас­қан соң, жасы үлкен ұстаздар алғыр жігіттің қабілетін жоғары бағалап, оның болашағының зор боларын алыстан болжай­ды. Расында да, Мұхамедиар аға­ның жүріп өткен өмір жолы қы­зықты оқиғаларға, қайталанбас сезімдерге, ұмытылмас сәттер­ге толы. Отбасын құру, бала тәр­биелеу, ұстаз ретінде қалып­та­су, соңынан ерген жас маман­дар­ға жол көрсету – мұның бәрі­не рет-ретімен қол жеткізіп, адал еңбектің арқасында ауылдаста­рының да құрмет-қошеметіне бө­ленді. Мейірімділігі мен әдепті­лігінің, азаматтық келбетінің жә­не балаларға жақсы білім мен тәрбие бере білуінің арқасында ұстаздық міндетін жоғары дең­гей­де атқарды. Сол себепті де Ұя­лы ауылдық мектебін тамам­да­ған шәкірттерінің көбі Мұ­ха­ме­­­диар Шарафиденұлының со­ңы­нан еріп, өз өмірлерін ұстаз­дық­пен байланыстырды. ­Бүгін­де бұл мамандықты таңдаған адамдар көп-ақ.

Көзі тірісінде сый-құрметке бө­леніп, өмір жолында өз балала­рына ғана емес, тұтастай бір ұр­паққа үлгі бола білу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Ал Мұхамедиар атаны мен дәл осындай құрметке лайық жан ретінде танитынмын. Ол өз ұр­па­ғына үлгі-өнеге болумен қатар  шәкірттеріне, айналасындағы аза­маттарға жақсы қырынан­ кө­рінді. Есеп-қисапқа жақын б­ала­ларды қамқорлығына алып, олар­дың математика пәніне де­ген сүйіспеншіліктерін оятты. Бі­лікті маманнан білім алған түлек­тер де бүгінде ұстаздық жолға тү­сіп, қазақ балаларының нақты ғы­лымды таңдауына түрткі бо­луда.

Мұхамедиар Шәпенов зейнет жасына шыққан соң да сүйікті ісі­нен қол үзген жоқ. Отбасында ер­жетіп қалған немерелеріне бас-көз болып, ұрпағының бас ақыл­шысына айналды. Ұл-қыздарының тәрбиесі де еш уақытта на­за­рынан тыс қалған емес. Олар­ға кішкентай кезінен барлық жақ­сылықтың тек адал еңбекпен, маң­дай термен келетінін ұғын­ды­­руға тырысты. Сөйтіп, оның өз отбасылық институты қалып­тас­­ты, немерелеріне де матема­ти­­ка­­дағыдай дәл, еш бүкпесіз өмір заңдылықтарын үйретуден жа­лық­па­ды. Нәтижесінде бүгін­де бұл әулетте әр перзент өз өмір жо­лын тапты. Ұл-қыздары Мұха­мед, Талғат, Ғизат, Марат, Ай­ман мен Жанна – өмірге деген өз жос­парларын құру кезінде әке көр­сеткен жолмен жүруге тыры­сып, оның ақыл-кеңестеріне құ­лақ асуының арқасында үлгілі отба­сы бола білді.

Әкелерінің ақ батасын алған ұл-қыздары бүгінде түрлі сала­да табысты еңбек етіп, мінсіз қыз­ме­тімен танылуда. Мәселен, үй­дің үлкені Мұхамед өңірдегі ба­лалар мен жасөспірімдерге ар­налған спорт мектебінің дирек­то­ры ре­тін­де танылған. Ал Ма­рат – осы­за­манғы, бастамашыл азамат­тар қатарынан. Ол «Бе­кет» фер­мерлік шаруашылығын басқа­рып, ауыл тұрғындарын жұ­мыс­пен қамтып отыр. Сонымен қатар бірнеше жылдан бері Ақ­жар жасөспірімдер үйінің тұрақ­ты демеушісі. Ғизат та жеке іс­пен айналысуда. Шаруа қожа­лы­­ғы­ның басқарушысы. Талғат – құ­ры­лыс компаниясының ди­ректо­ры. Қазақстан Республика­сы­ның еңбек сіңірген құрылыс­шы­сы атағына ие. Бүгінде Нұр-Сұ­лтан қаласының зәулім ғима­раттарын тұрғызуға атсалысуда.

Мұхамедиар атаның қызғал­дақ­тай қыздары Айман мен Жан­на да – өз бақытын қызметтен тап­қан жандар. Бірі мейрамхана бизнесімен айналысса, кіші қы­зы Жанна әке жолын қуып, ұстаз атанған. Үйдің кенжесі Ахмет те болашақта ата-анасының үмітін ақтап, үздік маман қатарынан көрінуге ниетті.

Балаларының тәрбиелі, та­быс­ты болып жетілуінде Мұха­ме­диар атаның аяулы жары Хай­ныш Сұлтанқызының да еңбегі зор. Ұл-қыздары ақ жаулықты ана­сының төзімді, тұрақты мі­нез-құлқына тәнті болып, оған ұқ­сап ба­ғуға тырысады. 63 жыл отас­­қан ерлі-зайыптылар неме­ре­ле­рінің де жақсы азамат бо­лып өсуі­не себеп болды. Алмаз, Абай, Берік, Бейбіт, Бекет, Анар, Әйгерім, Жанар мен Зарина есімді ұрпағы өнегелі әулеттің жалғасы екенін сөзбен де, іспен де дәлелдеп, түрлі салада жақ­сы маман ретінде танылуға ты­ры­суда. Ең бастысы, олар ата­ла­ры­ның атына кір келтірмей, ай­на­ла­сына жақсы тәлім-тәрбиесімен сыйлы.

Мен Мұхамедиар атаның айт­қан әрбір сөзін жүрек түбінде сақ­тауға тырысамын. Өйткені, бұл кісі кәдімгі ақылдың дариясын­дай еді. Көзі тірісінде балалар үйіндегі әр тәрбиеленушінің жағ­дайын сұрап, олардың болаша­ғы­на қатты алаңдайтын. Бірде Мұ­хамедиар Шарафиденұлы алты түлегіміздің жоғары оқу ор­нына түскенін естігенде, қатты қуанып еді. Оларға ақ батасын беріп, өмір жайлы өсиетін ай­тып, соңғы демі таусылғанша де­йін ба­рынша қолдау көрсетті. Ұс­таздық жол­дағы ақылшым ретін­де ма­ған да бас-көз болып, аға­лық мейі­ріміне бөледі. Бір сөз­бен айт­қанда, Мұхамедиар Шә­пе­новтің жүріп өткен өмір жолы көпке үлгі боларлықтай. Менің­ше, білімді, тәрбиелі ұрпағы мен жақсы сөз­бен еске алатын аза­маттар тұр­ғанда ардақты ақса­қал­дың есімі көпке дейін ұмы­тылмасы анық.        

Тәттігүл ЗДУӘЛИЕВА,

жасөспірімдер үйінің директоры.

Ақжар ауданы.

СУРЕТТЕ: марқұм Мұхаме­диар Шәпенов отбасымен.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика