АР МЕН ҰЯТ ҚАЙДА?

Қазір адамдар ар мен ұяттан безінген бе деймін. Жақында болған оқиға есіме түссе, қаным басыма шабады. Үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды ғой. Біраз уақыт бұрын Арман деген жігіт ажырасты. Тұңғыштары аяғын енді басса, екіншісі жөргекте еді.

Ол ажырасқан соң балаларының тәрбиесіне араласқан емес. “Ащы судың” әлегімен жүргенде ұлының ержетіп, қызының бойжеткенін аңғармай қалды. Жарытып жұмыс та істеген емес. Қартайған шешесіне де қорлықты көрсетті. Арақтан аузы құрғамады. Шілде айының орта кезі Арман мезгілсіз дүние салды. Қарға баласын аппағым дейтіні сияқты, ана баласын өкпеге қиса да, өлімге қия ма? Жан-жақтағы туыс-бауырларға хабар берді. Басқа қалада тұратын қос немересіне қоңырау шалды.

Қапия әжей жүріп-тұру қиын болған соң жуырда қараусыз қалған саяжайды сатқан. Сол ақшаның тең жартысы Арманға тиесілі болатын. Бұл жайттан хабардар немерелері әкелерін жерлеген күннің ертеңінде сол ақшаны сұрады. Соңында кейуана тұрып жатқан екі бөлмелі пәтердің кілтін талап етті. Іштен шыққан сұр жылан деп осындайларға қаратып айтылса керек, немерелерінің бұл әрекеті естіген жанның жағасын ұстатты. Онсыз да дімкәс қария осыдан кейін мүлдем төсек тартып жатып қалды.

Нұрила ТЕМІРҚЫЗЫ,

зейнеткер.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика