Жоғалған бала

Қалалық жерде кішкентай балалардың әрбір адымын аң­дып отырмаса болмайды. Сө­зімізге Петропавлда тұратын туыс­тарына қонаққа келген алты жа­сар баланың жоғалып, полиция мен туысқандарын ит әлекке түсіргені дәлел.

Оқиға орнына жедел жеткен кри­миналдық полиция бөлімінің қыз­мет­керлері баланың түр-түсі мен киген киімін анықтап, маңайды шо­луға кіріседі. Көрген адамдар мен бірге ойнаған балалар да табыла­ды. Ақыры, құрамында полиция аға лейтенанты Бекжан Сәрсенбеков пен полиция лейтенанты Әділ Қа­лин бар патрульдік полиция баталь­онының экипажы оны “City Mall” сау­да үйі маңындағы аулалардың бі­рінде ойнап отырған балалардың арасынан табады. Ол үйге қайт­қысы келгенін, бірақ барар жолды ұмытып қалғанын айтқан.

Тәртіп сақшылары облыс тұр­ғын­дарына мұндай жағдайда бір­ден 102 нөміріне хабарласу ке­ректігін ескертеді. Оқыс оқиғаның орын алмауы үшін кәмелетке тол­мағандармен түсіндіру жұмыста­рын жүргізу де артық болмайтыны анық. Ең бастысы – ата-аналары мен туған-туыстары бүлдіршін­дер­ге үй маңынан алыстамау жөнінде ескертіп отыруы тиіс.

Жақсыбай САМРАТ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика