Бақытты болудың құпиялары

Қай шаңырақта болмасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны белгілі. Жаңа қосылған жас жұбайлар да, талай жылды бірге өткерген ерлі-зайыптылар да “отбасын сақтап қалудың жолдары қандай?” деген сауалға жиі жауап іздейді. Отбасы беріктігін нығайтып, бақытты күндерді қайта оралтқыңыз келсе, психолог маманның  кеңестеріне назар аударыңыз.

1. Ерлі-зайыптылар бірін-бірі бағалауы тиіс. Бар ықыласыңызды оның жақсы қасиет­теріне бөліңіз. Екі жанның сезімдегі жақынды­ғы пікір қайшылығын да жеңе алады. Үйдегі екеуара жылулықтың жоқтығы кемшіліктер­дің көрінуіне әсер етеді. Мұндай жағдайға аса қатты мән беру керек.

2. Сенім. Отбасылық өмір басталғанда, ең ал­дымен, ерлі-зайыптылар арасында мызғы­мас сенім болуы шарт. Бұлай болмаған жағ­дай­да күдіктену, ұрсысу, жанжалдасу сияқты кері эмоциялар орын алады. Ал бұл келең­сіздікті дереу қолға алмаса, соңы ажырасуға алып келуі мүмкін.

3. Жақын араласып, пікірлесу қажет. Өз ойларын ашық жеткізу арқылы ерлі-за­йып­тылар өмір жағдайында кездесетін түрлі мә­селелерді оңай шешетін болады.

4. Ортақ қызығушылық. Оның арқасында жұ­байлар бір-біріне рухани тұрғыда жақын­дай түседі. Ол үшін ортақ істермен айналыс­қандарыңыз абзал. Әрине, бұл  бос уақытты үнемі бірге өткізу керек дегенді білдірмейді.

5. Қамқорлық пен мұқияттылық. Кез келген отбасына және оның мүшелеріне жан жылуы мен махаббат қажет екені даусыз. Салқын­дық пен өшпенділік отбасын күйретіп тына­тын кереғар әрекеттер болып табылады. Сон­дықтан, адамдар бірін-бірі аялап, қамқорлық танытып, бірінің тағдырына бірі аса мұқият­тылықпен қарауы тиіс.

6. Ерлі-зайыптылар арасындағы романти­ка. Біз жанымызға жақын адамды қуантқы­мыз келеді. Үнемі оның мейірімінің үстем бо­луы туралы қиялдарға берілеміз. Мұның өзі романтикалық элементтер болып табылады. Шындығында романтикадан үркудің қажеті жоқ. Ажырасқан жұптардың арасында осы қасиеттің жоқтығын мысалға келтіретіндер көп. Күтпеген жерден романтикалық кешке шақырып, сыйлық ұсыну отбасы беріктігін орната түсетін себептердің біріне жатады.

Раушан САҒЫНДЫҚОВА,

психолог.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика