БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ЖОЛ ЖОҚ

Өңір полицейлері 12 күн ішінде түнгі уақытта балалардың үйден тыс жерде жүруінің 63 фактісін анықтады.

Тәртіп сақшылары “Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес“ ұлттық ақпараттық науқанын аяқтады. Олар облыстық білім басқармасының мамандарымен бірлесе отырып, өңір аумағында 265 рейдтік іс-шара өткізіп, 384 нысанды тексерді. Жасөспірімдер жұмысқа тұратын дәмханалар, базарлар мен сауда павильондары назарға алынды. Нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ. Сауда орындарының иелерімен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, Еңбек кодексінің ережелері түсіндірілді. Қылмыстық кодекстің “Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу“ бабына сәйкес жасөспірімдерді тыйым салынған жұмыстарға тартқандарға 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.
Полицейлер заң жүзінде жасөспірімдердің еңбегіне тыйым салынбайтынын, бірақ оларды 18 жасқа толғанға дейін түнгі уақытта, оқу үрдісіне кедергі келтіретін немесе ағза дамуына қауіп төндіретін ауыр жұмысқа тартуға болмайтынын ескертеді. 14-16, 16-18 жас аралығындағы балаларға аптасына 24 және 36 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Жасөспірімдердің заңды өкілдері міндетті түрде еңбек шартымен, жұмыс орнымен танысуы қажет.
Полиция қызметкерлері “Түнгі қаладағы балалар“ рейді барысында көңіл көтеру орындарын тексеріп, балаларын кешкілік ойын-сауық орындарына жібергені үшін 36 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты.

 

Тамерлан ЕЛУБАЙ,
М.Қозыбаев атындағы
СҚУ-дің студенті.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика