- 29 Сәуір 2022
“ЕҢБЕГІҢ МЕН АҚЫЛЫҢ ЕКІ ЖАҚТАП...”
Сексен жасында дүниеден озған Күлімкөз әжейді біздің ауыл тұрғындары “бүкір кемпір” деп атап кетті. Марқұмды көзі тірісінде жол-жөнекей кездестіріп қалсақ немесе дүкеннен екі қолымен зілдей ала сөмкесін көтеріп, үйіне ілби басып бара жатқанын көрсек аяушылықпен қарайтынбыз. Бір айтарлығы, ақырғы демі шыққанша кейуана біздің “Көмектесіп жіберейік”, “қиналып жүрген боларсыз, қандай қажеттілігіңізді өтейік” деген өтініштерімізге құлақ аспады. “Рақмет, құлындарым, әзірге әл-дәрменім бар, ешкімге масыл болғым келмейді”, – дейтін бүкірейген белін таянып. Қатерлі ауруға шалдыққанын естіп, көңілін сұрауға барғанда: “Е, Құдай, мені өзіңе ғана мұқтаж күйде алып кетші”, – деп етегін жасқа толтырып отыр екен. Тілегі қабыл болды. Қайтарында да ешкімге салмақ салмады. Үнемі мұнтаздай тап-таза болып, жиналып тұратын төсегінде бүкірейіп отырған күйде кете барыпты. Біздің қалаға көшіп кеткенімізге он жылға жуықтағанымен бір тыным таппайтын әжейдің келбеті көз алдымызда жатталып қалыпты. Ауылдағылар ол кісінің жан баласына масыл болмағандығын, өз мұқтажын шамасы жеткенше, адал маңдай терімен өтегінін бүгінге дейін айтып жүреді.
- 29 Сәуір 2022
КЕЛІНІ ЖАҚСЫНЫҢ КЕРЕГЕСІ АЛТЫН
Отбасындағы ең әлсіз әрі нәзік тұс – ене мен келін қарым-қатынасы. Екеуі де маңызды әрі қымбат тұлға: ене – отағасын дүниеге әкеліп, жеткізген жан, келін – жігіттің аманаты, балалардың анасы. Үш тарап үшін де ең көркем амал – отбасындағы татулық пен мамыражайлықты ұстап тұру. Алайда бұл мүмкін бола бермейтін жағдайға айналып бара жатқаны ащы шындық.
- 18 Наурыз 2022
Ұрпақты рухани жұтаңдықтан сақтайық!
Тәу етер киеміз, бәрінен де қымбат – Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы өтіп, төртінші онжылдыққа аяқ бастық. Егемен еліміздің жүріп өткен жолындағы қиын кезеңдер мен жетістіктер көз алдымызда. Ғалымдардың болжауынша, әлемде 4000-ға жуық ұлт пен ұлыс болса, солардың 300-інде ғана өз мемлекеті бар. Қалғанының мақтан етер елтаңбасы, көтерейін десе туы, салтанат құрған кезде шырқайтын әнұраны да жоқ. Сан жағынан аз ұлттар уақыт өткен сайын өзге халыққа жұтылып, жойылып барады. Біз де 300 жыл патша өкіметінің боданында болып, соңғы 70 жыл компартияның сұрқия саясатына амалсыздан төздік.
- 18 Наурыз 2022
ҮЛКЕН ҮЙ
Халқымыздың салт-санасындағы қасиетті ұғымдардың бірі – қарашаңырақ. Бүгінгі ұрпақ сол шаңырақты қастерлеу түгілі, осы сөздің мағынасын түсінуден қалып бара жатқаны өкінішті. Бұрын үлкен үйге ие болған ұл мен келін басқалардың ілтипатына бөленген. Мереке күндері ағайын-туыс алтын діңгек – қарашаңыраққа сәлем бере барып, дастарқаннан дәм татуды парыз санаған. Өкінішке қарай, бабаларымыздан жеткен шаңырақты сыйлау, үлкенді қадірлеу ұғымы уақыт өте бұлыңғырланып, кей жерде мүлдем ұмыт қалып бара жатқаны көңілге қаяу түсіреді. Бәзбіреулер оны ескіліктің қалдығы, өткеннің сарқыны дейтінді де шығарды.

- 18 Наурыз 2022
Әдепті бала – арлы бала
Сәбиді туа біткен мінезі қандай болса, дәл солай қабылдау жайында және оны кемшіліктерімен, қателіктерімен қоса жақсы көре білу керектігі туралы естіп жүрміз. Алайда бала тәрбиесінде шектеу болуы болуы тиіс. Сіз не істесеңіз де немесе не айтсаңыз да, ол баланың өздігінен дамуына, жауапты болуына, еркін шешім қабылдауына, сезімін ашық білдіруіне, өз әрекетінен пайда болған нәтижені бағалай білуге ықпал етуі керек. Өзіндік тәртіпті меңгеру үшін бала еркін таңдау жасай алу керек және ол өзінің қандай да болмасын шешімнің салдарын ұғып, өзінің әрекетіне өзі жауапты екенін түсінуі керек. Балаға кішкентай кезінде қателік жіберуіне мүмкіндік беріңіз және ол қателікті баланың орнына өзіңіз түзеп жүрмеңіз. Бала кезінен бастап барлық қателіктерді ата-анасы немесе басқа да адамдар түзей берсе, бала өскен соң да, өз ісіне жауапты бола алмайды.