ТӨРТ ШЫРАҚ

Бір бөлмеде төрт шырақ жанып тұрды және бірте-бірте еріп, таусыла бастады. Бөлменің тыныштығы соншалық, олардың сыбыр әңгімелері естіліп жатты.
Біріншісі айтты: “Мен – САБЫРМЫН. Мені адамдар бағаламайды, сақтамайды. Менде сөнуден басқа амал қалған жоқ!”. Бұл шырақтағы от сөніп қалды...
Екіншісі айтты: “Мен – СЕНІММІН. Бірақ адамдар бір-біріне сенбейді. Көпшілікте сенім өлген. Менде де сөнуден басқа жол қалған жоқ!”. Осылайша, екінші шырақ та сөнді...
Үшіншісі айтты: “Мен – МАХАББАТПЫН. Менің ары қарай жануға күшім жетпейді. Адамдар мені бағалап, түсінбейді. Олар өздері үшін жанын беруге дайын жақын адамдарын жек көреді”. Көп күттірмей үшінші шырақ та сөнді...
Бөлмеге адам жүгіріп кірді. Үш сөнген шырақты көрген ол, қорқыныштан: – Сендер не істеп жатсыңдар?! Сендер жануларың керек. Мен түнектен қорқамын! – деп айқайлап, көзіне жас алды...
Осы сөздерден қатты толқып кеткен төртінші шырақ: “Қорықпа, жылама! Мен жанып тұрғанымда, ол үшеуін әлі көп тұтандырамын. Мен – ҮМІТПІН!” – деді.
Иә, ең соңғы өлетін – үміт...
 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 224

МЫСЫҚ НЕГЕ ТАМАҚ ІШКЕН СОҢ ЖУЫНАДЫ?

 

 

Күндердің күнінде бір торғай ұшып келіп, шаруаның қорасына қонады да, шашылған дәндерді теріп жей бастайды. 

Мұны көрген мысық бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырып, секіріп барып, торғайды бас салып, қанатынан қапсыра тістеп тұрып:

– Енді бір жақсылап тоятын болдым! – дейді.
– Ей, мысық мырза, ұялсаңшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой өзі! Өзіңіздің қожайыныңыз да, оның әйелі де жуынғаннан кейін барып тамақ жейді, – дейді торғай.
– Оның да дұрыс екен-ау, – деп мысық жақсылап жуынып, сүртіну үшін алдыңғы аяғын тұмсығына апарады.
Сол кезде торғай ұзақ ойланып жатпай, жалт береді! Қанатын қағып, ұшады да кетеді! Мысық ыза болады.
Содан бері мысық тамақ жегеннен кейін ғана жуынатын болыпты.

 

Дайындаған
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА.
“Soltústik Qazaqstan”.
Сурет http://st.depositphotos.com сайтынан алынды.
 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 239

ТҮЛКІ МЕН ҚОРАЗ

 

Ерте, ерте, ертеде бір кәрі қораз шаңқай түсте шалқалап тұрып шақырыпты. Біраз уақыт өткеннен кейін қасында қасынып тұрған бала қораз көні кепкен ішкіштің жөтелгеніндей түптен тартып кеңірдектеп шақырыпты. Қалта сағатына қарап тұрған түлкі: “Кәрісі тұп-тура 1-де, жасы 1-ден он бес минут өткенде шақырды. Барып біреуін жеп келейін”, – деп жүгіріп келеді. 

– “Мезгілсіз шақырған тауықты жұлмақ керек”, – деген қазақтың мақалы бар. Мен сендерден сорпа жасаймын! – деп ұмтылады. 

Сонда кәрі қораз тұрып:
– Тақсыр, сағатыңызға қараңыз, мен сағат бір, түс болды деп шақырдым,– дейді.
– Ендеше мына бала сенен көп кеш шақырды. Сендердің сағаттарың бірдей емес пе, немене? Сондықтан мынадан сорпа жасаймын, – деп, тап береді.
Бала қораз да сорпа болғысы келмейді:
– Түке, кеш шақырғаным рас, бірақ мен 1-ден он бес минут кетті деп шақырдым. Сенбесеңіз, алтын сағатыңызға қараңыз.
Түлкі ышқыр қалтасынан ал­тын сағатын жұлып алып қараса, ақиқат: 1-ден он бес минут ауып барады екен.
– Шындыққа куә жүрмейді, сөзің рас екен, бәтшағар, – деп, түлкі иіп тұрған езуін жалап-жалап алып жөніне кетіпті.
Түлкі екеш түлкі де сөзге тоқтап, шындықты жақтаған деседі.

Оспанхан ӘУБӘКІРОВ,

Сурет http://bilim-all.kz сайтынан алынды. 

 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 194

АҒАЙЫН

 

Әлібек биыл мектепке барып, әріп таныды. Оған өзі қатты қуанып жүр. Бір жерден жазу көрсе, дереу ежіктеп оқи жөнеледі. 

Бірде ол диванда жатқан журналды парақтап отырды да, ішіндегі бадырайған бір жазуға көз жүгіртті. 

– Ағайын тату болса, ат көп...
Әрі қарай оқыған жоқ. Атасына жүгіріп барып:
– Ата, “ағайын” деген не? – деп сұрады.
– “Ағайын” деген бе? Ол – туысқан. Бірге туған, жақын адамдар. О баста бұл сөз “аға-іні” болған. Кейін өзгеріп, “ағайын” деп айтылып кеткен”, – деді атасы.
– А-а-а, – деді Әлібек түсінгенін аңғартып.
Ал атасы әңгімені жалғап:
– Қазақта “Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп” деген мақал бар. Мұндағы абысын – бірге туған, ағайынды адамдардың әйелдері. Яғни, туыс адамдар, олардың жарлары бір-бірімен тату болса, ырыс та, береке де болады. Осыны біліп жүр! – деді.
– Жарайды, ата! – деді Әлібек атасына еркелей қарап. – Мен енді көп мақал жаттаймын. Ал сіз маған оларды түсіндіріп берерсіз.
– Келістік! – деген атасы оның маңдайынан сипады.

Сурет http://ernur.kz/ сайтынан алынды.

 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 165

ТҮЛКІ МЕН ҚЫРҒАУЫЛ

Облыс орталығындағы “Алтын бесік” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Алтынгүл Базарқызы жіберген “Түлкі мен қырғауыл” ертегісін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бір түлкі келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап:

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 308

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика