- 07 Қаңтар 2020
БАЛА ТІЛІ – БАЛ
– Мен кеше қатты құлап қалдым ғой...
– Жыладың ба?
– Жоқ!
– Жарайсың! Неге жыламадың?
– Үйде ешкім болған жоқ.

- 28 Қараша 2019
САУЫСҚАН МЕН КӨКЕК
Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: “ұя керек”, “ұя керек”, – деп көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
– Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, – дейді.
- 23 Қараша 2019
ҚАНЖЫЛЫМ
Асылбек жақында ғана інілі болды. Анасы мен әжесі кішкентай бөбекті күнде жуындырады. Асылбек қарайлап қастарында жүреді. Кейде інісінің үстін сүртетін сүлгіні ұстап тұрады. Кейде жөргектерін алып береді.

- 14 Қазан 2019
ҚАЛАМ
Қалам жазбай қалды. Лаура ашуланып, оны лақтырып жіберді. Ол екпінімен сағаттың жанына барып құлады. Сағат көзін ашып:
– Әрі жүр! – деп ұрысты. – Уақыттан жаңылып қаламын.
Қалам әлденеге сүрініп, кілт тоқтады.
– Байқа! – деді Сіріңке көзін алартып.
– Бұ жерде неғып жатырсың?
– Қазір ошаққа от жағуым керек.
Қалам қолын бір сілтеп, жөніне кетті.
Алдынан бірдеңе жарқ еткенде, кілт тоқтады.
– Оятып жібердің ғой, – деді электр шамы ренжіп. – Кет әрі! Демалуым керек. Түні бойы жұмыста боламын. Сөйтті де қайта көзін жұмып алды. Қалам болса қайда аяқ басарын білмейді. Сәл ойланды да, үстелдің жанына барды. Ол жерде өзі сияқты тағы бір қалам жатыр екен. Шырт ұйқыда болса керек, дәптерді жамбастай құлапты.
– Не ғып жүрсің? – деді есінеп ол. Қалам оған барлық көргендерін айта бастады.
Ақылсызсың, – деді анау. – Сенен басқалардың бәрі бір-бір іспен шұғылданады. Ал сен болсаң уақытыңды босқа өткізіп...
Қалам ойланып қалды.
Балтабай ӘДІЛ.