ТҮЛКІ МЕН ҚОРАЗ

 

Ерте, ерте, ертеде бір кәрі қораз шаңқай түсте шалқалап тұрып шақырыпты. Біраз уақыт өткеннен кейін қасында қасынып тұрған бала қораз көні кепкен ішкіштің жөтелгеніндей түптен тартып кеңірдектеп шақырыпты. Қалта сағатына қарап тұрған түлкі: “Кәрісі тұп-тура 1-де, жасы 1-ден он бес минут өткенде шақырды. Барып біреуін жеп келейін”, – деп жүгіріп келеді. 

– “Мезгілсіз шақырған тауықты жұлмақ керек”, – деген қазақтың мақалы бар. Мен сендерден сорпа жасаймын! – деп ұмтылады. 

Сонда кәрі қораз тұрып:
– Тақсыр, сағатыңызға қараңыз, мен сағат бір, түс болды деп шақырдым,– дейді.
– Ендеше мына бала сенен көп кеш шақырды. Сендердің сағаттарың бірдей емес пе, немене? Сондықтан мынадан сорпа жасаймын, – деп, тап береді.
Бала қораз да сорпа болғысы келмейді:
– Түке, кеш шақырғаным рас, бірақ мен 1-ден он бес минут кетті деп шақырдым. Сенбесеңіз, алтын сағатыңызға қараңыз.
Түлкі ышқыр қалтасынан ал­тын сағатын жұлып алып қараса, ақиқат: 1-ден он бес минут ауып барады екен.
– Шындыққа куә жүрмейді, сөзің рас екен, бәтшағар, – деп, түлкі иіп тұрған езуін жалап-жалап алып жөніне кетіпті.
Түлкі екеш түлкі де сөзге тоқтап, шындықты жақтаған деседі.

Оспанхан ӘУБӘКІРОВ,

Сурет http://bilim-all.kz сайтынан алынды. 

 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 85

АҒАЙЫН

 

Әлібек биыл мектепке барып, әріп таныды. Оған өзі қатты қуанып жүр. Бір жерден жазу көрсе, дереу ежіктеп оқи жөнеледі. 

Бірде ол диванда жатқан журналды парақтап отырды да, ішіндегі бадырайған бір жазуға көз жүгіртті. 

– Ағайын тату болса, ат көп...
Әрі қарай оқыған жоқ. Атасына жүгіріп барып:
– Ата, “ағайын” деген не? – деп сұрады.
– “Ағайын” деген бе? Ол – туысқан. Бірге туған, жақын адамдар. О баста бұл сөз “аға-іні” болған. Кейін өзгеріп, “ағайын” деп айтылып кеткен”, – деді атасы.
– А-а-а, – деді Әлібек түсінгенін аңғартып.
Ал атасы әңгімені жалғап:
– Қазақта “Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп” деген мақал бар. Мұндағы абысын – бірге туған, ағайынды адамдардың әйелдері. Яғни, туыс адамдар, олардың жарлары бір-бірімен тату болса, ырыс та, береке де болады. Осыны біліп жүр! – деді.
– Жарайды, ата! – деді Әлібек атасына еркелей қарап. – Мен енді көп мақал жаттаймын. Ал сіз маған оларды түсіндіріп берерсіз.
– Келістік! – деген атасы оның маңдайынан сипады.

Сурет http://ernur.kz/ сайтынан алынды.

 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 72

ТҮЛКІ МЕН ҚЫРҒАУЫЛ

Облыс орталығындағы “Алтын бесік” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Алтынгүл Базарқызы жіберген “Түлкі мен қырғауыл” ертегісін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бір түлкі келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап:

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 183

Kúle otyraıyq!

Әдебиет сабағы. Оқушылар шығарма жазып отыр. Мұғалім:
– Асан, сен неге қайта-қайта Гүлсімнің дәптеріне үңілесің?
– Жазуын тани алмай жатырмын, апай!

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 289

Oılan, tap!

Торда 12 құс отыр. Оның 11-інен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

***
2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 295

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика