САУЫСҚАН МЕН КӨКЕК

Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұяла­ры болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: “ұя керек”, “ұя ке­рек”, – деп көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көрші­сіне:
– Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуе­лі саған, содан кейін маған салармыз, – дейді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 74

ҚАНЖЫЛЫМ

Асылбек жақында ғана інілі бол­ды. Анасы мен әжесі кішкентай бө­бекті күнде жуындырады. Асылбек қарайлап қастарында жүреді. Кейде інісінің үстін сүртетін сүлгіні ұстап тұрады. Кейде жөргектерін алып береді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 77

ҚАЛАМ

 

 

Қалам жазбай қалды. Лаура ашуланып, оны лақтырып жіберді. Ол екпінімен сағаттың жанына барып құлады. Сағат көзін ашып:

– Әрі жүр! – деп ұрысты. – Уақыттан жаңылып қаламын. 

Қалам әлденеге сүрініп, кілт тоқтады.
– Байқа! – деді Сіріңке көзін алартып.
– Бұ жерде неғып жатырсың?
– Қазір ошаққа от жағуым керек.
Қалам қолын бір сілтеп, жөніне кетті.
Алдынан бірдеңе жарқ еткенде, кілт тоқтады.
– Оятып жібердің ғой, – деді электр шамы ренжіп. – Кет әрі! Демалуым керек. Түні бойы жұмыста боламын. Сөйтті де қайта көзін жұмып алды. Қалам болса қайда аяқ басарын білмейді. Сәл ойланды да, үстелдің жанына барды. Ол жерде өзі сияқты тағы бір қалам жатыр екен. Шырт ұйқыда болса керек, дәптерді жамбастай құлапты.
– Не ғып жүрсің? – деді есінеп ол. Қалам оған барлық көргендерін айта бастады.
Ақылсызсың, – деді анау. – Сенен басқалардың бәрі бір-бір іспен шұғылданады. Ал сен болсаң уақытыңды босқа өткізіп...
Қалам ойланып қалды.

 

Балтабай ӘДІЛ.
 
 
 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 109

ҚАРАҚАТ

 

Айжанның анасы тосап қайнатпақ болып, базардан қарақат әкелді. Келген бойда Айжан екеуі қарақатты тазалауға кірісті. 

Бір кезде Айжан анасынан: 

– Мұны неге “қарақат” дейді? – деп сұрады.
– Неге болушы еді? Түсі қара болған соң “қарақат” дейді, – деді анасы.
– Білем ғой... “Қара” деген – қара. Ал “қат” деген не?
– “Қат” деген бе? Ол “жидек” деген сөз. Ұмытылған көне сөз. Бізге туысқан кейбір халықтар, мысалы, алтайлықтар “жидекті” әлі күнге дейін “қат” дейді.
– Шынымен-ақ, қарақат – қара жидек қой. Енді бәрін түсіндім, – деді Айжан.
Сөйтті де, анасына қарақаттың шырыны жұққан қолын көрсетіп:
– Жо-оқ, бұл қаракөк жидек екен. Көрмейсіз бе, қолым көкпең бек болып кетті, – деп күліп жіберді. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 138

КҮШІК ПЕН МЫСЫҚ

 

Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:

 

– Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.
– Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, – депті күшік.
Қасқыр:
– Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:
– Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым қандай екен? – депті.
– Сенің екі көзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жымиған, аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болып майысқан, – депті күшік.
– Мен не қылар екем, соны қара, – депті де, қасқыр шапшып барып, бір бұзаудың тамағына жабысады да, тұншықтырып өлтіріп, күшікті де тойғызады, өзі де тояды.
– Мен тойдым, сенің етіңді енді жемеймін. Қош бол! – дейді де, қасқыр желе жортып, кетіп қалыпты. Күшік бұзаудың жемтігінің қасында қалып, үш күндей тегін етке тойып жатыпты. Ақырында, іші пысқан соң, қаңғып жортуылға шыққан екен, бір аш мысыққа кез болып, оған:
– Ей, мен сені жеймін! – депті. – Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, – депті мысық.
– Жарайды! Менімен бірге еріп жүр, – депті күшік. Біраздан соң бұлар бір топ түйеге жолығыпты. Күшік:
– Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым, қандай екен? – депті.
– Несін айтасың! Сенің көзің бозарып тұр, құлақтарың салпайып тұр, тілің салақтап, құйрығың салбаңдап тұр, – депті мысық.
Сонда оған күшік:
– Енді мен не қылар екенмін, көр! – депті. Күшік жүгіріп барып, бір түйенің аяғын тістейін дегенде түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты, күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық айтыпты:
– Әй, мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жеймін, – депті. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 94

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика