- 09 Ақпан 2022
Алтын санаған аштан өледі
Қай заманда өткені белгісіз, Санат есімді үрерге иті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы меңдеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетеді. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп:
- 24 Қаңтар 2022
Oilan, tap!
Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан елордаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?
- 24 Қаңтар 2022
Су асты кереметтері
Құрлықтағы сияқты, су астында да өмір бар. Ол нағыз тылсым сұлулықтың көрінісі. Су астындағы кереметтердің ішінде Үлкен Тосқауыл рифі кездеседі. Ол Австралиялық солтүстік-шығыс жағалауындағы Маржан теңізінде 2000 шақырымға жайылып жатыр, оның түбінде шамамен 10000 маржан жасырынған.
- 24 Қаңтар 2022
ТАПҚЫР ҚОЯН
Аң патшасы арыстан аңдар арасында бәйге ұйымдастырыпты. Бәйгенің шарты бойынша жеңімпаз қазанда қайнап тұрған суды ішу керек екен. Бәйгеге қатысқысы келген аңдар бірінен соң бірі келгенмен, қайнап тұрған суды көргенде батылдықтары су сепкендей басылады. Бір уақытта қоян келіп, қайнап тұрған суды көтеріп: – Мен қайнап тұрған суды ішкенді жақсы көремін, – деп айналасына қарайды. Аң-таң болған аңдар “іше ғой онда”, – дейді. Қоян қаз-қатар болып тізіліп тұрған аңдардың алдымен жағалай жүріп: – Достарым, мінекей мынау ыстық су, дұрыстап қарап алыңдар, – деп әрқайсысына жеке-жеке көрсетіп шығады. Осылай әр аңға жеке-жеке көрсетіп шыққанша, қазандағы қайнаған су суып қалады. Осыны пайдаланып қоян суды басынан бір-ақ көтеріп қылғытып салады.
Аңдар өз көздеріне өздері сенбей таңғалысады. Ал алданған аңқау арыстан сөзінде тұрып, “міне, нағыз ер”, – деп қоянды мақтап уәде еткен сыйлықтарды бергізеді.
- 17 Қараша 2021
Жас оқырмандарға олжа
Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген жаңа кітаптар түсті.