ҚОС БӘЙТЕРЕГІМ

Атам мен әжеме деген немерелік сезімім, сүйіспеншілігім шексіз. Екеуін қалай жақсы көретінімді, құрметтейтінімді айтып жеткізе алмаспын.

Атам – данагөйім, әжем тәрбие тұнған бесігім десем болады. Олар бізді өз үлгісімен, қарапайымдылығымен, кешірімділігімен жақсылыққа баулыды. Еш уақытта ауыр сөз айтып, ашу шақырмайды. Осындай мейірім иелері ортамызда көп жасап, рақатымызды көре берсе екен деп тілеймін.


Қуанар ҚАЙЫРЛЫ,
Ақтас мектебінің 2-сынып оқушысы.
Есіл ауданы.

АСЫЛ ӘЖЕ

Менің Нұржамал әжем – еңбекқор, өте мейірімді жан. Екі ұлы, бір қызы, жеті немересі бар. Әжем бізді тәртіпке үйретіп, ақылын беруде.
Жазда есік алдына гүл отырғызып, шағын бақша егеді және үй құстарын ұстайды. Немерелеріне жемістің түр-түрін өсіріп, дастарқанды жайнатып қояды. Піскен жемістерді біз жиып-тереміз. Ал әжем оны жуып үстелге қояды. Содан кейін бізге еңбектің қадірі жайлы ақыл-кеңесін айтады.
Әжемнің жолын жалғап, отбасылық дәстүрдің сақталуына біз де үлес қосатын боламыз.

Жадыра ЕРЖАНҚЫЗЫ,
4-сынып оқушысы.
Ақжар ауданы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика