МАҢДАЙ ТЕР

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды. 

– Ата, “маңдай тер” деген не? – деп сұрады бірде Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Содан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді. Қолына күрек ұстатты:
– Кәне, екі-үш көшет қазып ал!
Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора боп терледі. Үйге келген соң да, атасы жақ ашпады.
Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс берді. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Сондай дәмді!..
– Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі!
Хамит атасын құшақтай алды.

Материал “Балдырған”
журналынан алынды. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика