САУЫСҚАН МЕН КӨКЕК

Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұяла­ры болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: “ұя керек”, “ұя ке­рек”, – деп көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көрші­сіне:
– Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуе­лі саған, содан кейін маған салармыз, – дейді.

Көкек:
– Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. “Керек, керек” деп қақсай берсем, құстың бәрі – ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, – деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күт­пей-ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын бұтақтар­мен таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Іші-сыртын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің “керек, керек” деп қақсай-қақсай дауысы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда “ке­рек” дегендегі “р”-ды айта алмай, “керек” деудің орнына “көлек, кө­лек” дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп “көкек” деп атайтын бол­ды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы жоқ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика