ҚАНЖЫЛЫМ

Асылбек жақында ғана інілі бол­ды. Анасы мен әжесі кішкентай бө­бекті күнде жуындырады. Асылбек қарайлап қастарында жүреді. Кейде інісінің үстін сүртетін сүлгіні ұстап тұрады. Кейде жөргектерін алып береді.

Бірде әжесі анасына ожауды ұсынып:
– Барып, су әкелші! Жетпей қалды. Байқа, ыстық болмасын! Қанжылым ғана болсын, – деді.
– Қанжылым деген не? – деді тү­сінбеген Асылбек.
– Жылы суды айтам. Кәдімгі жып-жылы су, – деді де әжесі сә­биді шомылдыруын жалғастыра берді...
Кешкісін үйдегілер дастарқан басына жиналды. Әжесі Асылбекті мақтап:
– Менің балам – нағыз қолға­нат. Інісін күнде өзі шомылдыра­ды, – деді.
– Әже! – деді осы кезде Асыл­бек. – Бір нәрсе сұрасам бола ма?
– Сұрай ғой, құлыным.
– Жылы суды неге қанжылым дедіңіз?
Әжесі күліп жіберді.
– Құймақұлағым менің. Баға­нағы әңгімені ұмытпаған екенсің ғой. “Қанжылым” деген сөз қанның жылуындай дегенді білдіреді. Қазақтар жылы суды осылай сипаттаған.
– Қанның жылуы?.. Ол қандай болады? – деп сұрады Асылбек.
– Ол ма?.. Ол кәдімгі дененің жылуымен бірдей.
Әжесі немересін маңдайынан сипады. Алақаны сондай жұмсақ, жып-жылы екен.
– Қанжылым... Енді түсіндім, – деп Асылбек әжесіне күлімдей қа­рады.

Бағдат МӘЖИТОВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика