ҚАЛАМ

 

 

Қалам жазбай қалды. Лаура ашуланып, оны лақтырып жіберді. Ол екпінімен сағаттың жанына барып құлады. Сағат көзін ашып:

– Әрі жүр! – деп ұрысты. – Уақыттан жаңылып қаламын. 

Қалам әлденеге сүрініп, кілт тоқтады.
– Байқа! – деді Сіріңке көзін алартып.
– Бұ жерде неғып жатырсың?
– Қазір ошаққа от жағуым керек.
Қалам қолын бір сілтеп, жөніне кетті.
Алдынан бірдеңе жарқ еткенде, кілт тоқтады.
– Оятып жібердің ғой, – деді электр шамы ренжіп. – Кет әрі! Демалуым керек. Түні бойы жұмыста боламын. Сөйтті де қайта көзін жұмып алды. Қалам болса қайда аяқ басарын білмейді. Сәл ойланды да, үстелдің жанына барды. Ол жерде өзі сияқты тағы бір қалам жатыр екен. Шырт ұйқыда болса керек, дәптерді жамбастай құлапты.
– Не ғып жүрсің? – деді есінеп ол. Қалам оған барлық көргендерін айта бастады.
Ақылсызсың, – деді анау. – Сенен басқалардың бәрі бір-бір іспен шұғылданады. Ал сен болсаң уақытыңды босқа өткізіп...
Қалам ойланып қалды.

 

Балтабай ӘДІЛ.
 
 
 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика