ТҮЛКІ МЕН ҚЫРҒАУЫЛ

Облыс орталығындағы “Алтын бесік” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Алтынгүл Базарқызы жіберген “Түлкі мен қырғауыл” ертегісін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бір түлкі келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап:

– Сәлеметсіз бе, қырғауылым, қалың қалай? – дейді.
Қырғауыл:
– Жақсы, өзің қалайсың? – дейді.
Түлкі:
– Жерге түсіп, сөйлесең қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.
Қырғауыл:
– Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.
Түлкі:
– Әй, достым, қазір бұрынғы заман емес. Мынадай бұйрық шығыпты. Жаңа ғана естідім. Біреуге біреу зорлық қылмасын, қой мен қасқыр, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.
Қырғауыл:
– Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды артына қарамастан қаша жөнеледі.
Қырғауыл:
– Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.
Түлкі:
– Кім біледі, ол бұйрықты естімеген шығар, – дейді ішінен.

Дайындаған  Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика