Oılan, tap!
- Жаңартылды 06 Маусым 2019
- Қаралды: 445
Торда 12 құс отыр. Оның 11-інен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
***
2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?
***
Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді. Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу?
***
Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ, неше бұрыш қалады?
***
3 аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек?
***
Жандос үйінің бақшасындағы ағаш жылына 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша сантиметрге көтеріледі?