ТҮЛКІ МЕН ҚҰМЫРА

Бір әйел далаға егін ора келіп, сүт құйылған құмыраны шөптің арасына тығып қояды. Мұны түлкі көреді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп алады. Бірақ түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады.

Түлкі:
– Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды, – дейді.
Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып:
– Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырамын, – деп жүгіріп келіп, өзін өзенге лақтырып, құмырамен бірге өзі де суға батып кетіпті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика