МҰРАГЕР

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
– Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсысың маған байлықтарың мен ақылдылықтарыңды көрсетулерің керек, – дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:

– Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, – дейді.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
– Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, – дейді.
Үшінші ұлы күміс, алтынмен апталған белдігін буынады да:
– Мұндай белдікті ешкім тағып көрген емес, – дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:
– Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? – дейді.
Сонда кенжесі:
– Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, қайрат-жігерге толы жүрегім бар, – дейді.
Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.
– Жұмыс істей білген адам жұтамайды, – деп өзінің кенже ұлын мұрагер қылады. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика