БІЛІМГЕ ҚҰШТАР БҮЛДІРШІНДЕР

Конституция күні қарсаңында Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Smart Kids” балалар орталығының тәрбиеленушілері қонақта болды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларға құқықтары мен мін­деттерін түсіндіру, Конституция туралы ақпарат беріп, Ата Заңға құрмет қалыптастыру. Балаларды “заң”, “құқық” ұғымдарымен таныстырып, олардың бойында отаншылдық рух, патриоттық сезім қалыптастыру болды.

Ертегілерден үзінділер тамашалаған балақайлар адамдардың құқықтары туралы білімдерін кеңейтті. Бүлдіршіндер шараға өте белсенді қатысты. Өскелең ұрпақты кітап оқу­ға баулуда рухани орда мен “Smart Kids” балалар орталығы арасындағы әріптестік байланыс одан әрі нығая түспек.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика