Сүйкімді Ботагөз

Ботагөз әрқашан сабаққа ерек­ше дайындықпен келеді. Өзі үнемі терең ой құшағында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап, іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға “Алтын балық” ертегісін оқып беріп: “Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар, қандай тілек тілер едіңдер, ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар,” – деді. Бүлдіршіндер өз арман-тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастады.

Аздаған үзілістен соң, оқушылар жазба жұмыстарын оқып берді. Ержасын маған машина керек десе, Жансұлу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая: “Үлкен үй сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді” – деді. Барлық оқушылар өз ойларын жарыса оқып берді. Тек қана Ботагөз үндемей отырды. Мұны байқаған мұғалім: “Ботагөз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің? – деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагөз өз жазғанын оқып берді. “Егер де мен алтын балықты ұстап алсам, ең бірінші, анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме, сүйікті тәтеме де сұрар едім. Егер ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады,” – деді. Мұғалім Ботагөзге үлкен сүйіспеншілікпен таңырқай қараса, сыныптастары да ой құшағына берілді.

Мөлдір БАҚТЫБАЕВА,

бастауыш сынып мұғалімі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика