Бақ құсы (Ертегі).

Ертеректе Айдос, Бидос атты екі бала болыпты. Екеуі көрші, әрі тату дос екен. Айдос өте ұш­қыр қимылды, қандай іске болсын икемді, ал Бидос керісінше жалқаулау болыпты. Бір күні Айдос досының үйіне келіп:

– Бидос, жүр, ауыл сыртына шығып біраз серуендеп қайтайық, – дейді.

– Бармаймын, өзің бара бер, – дейді Бидос үйiнiң төрiнде жамбастап жатқан күйі. Айдос оны қоярда қоймай қолтығынан көтеріп тұрғызып, өзімен бірге жүруге әрең көндіреді.

Екеуі аяңдап ауыл сыртына шығады. Көктен күн күлімдеп, орманда құстар сайраған тамаша кез екен. Екеуi бiраз жүрген соң қайдан келгені белгісіз, төбелерiнде бiр әдемі құс пайда болады. Бір ғажабы, ол құс не биікке, не алыска ұзап кетпейді. Жақын жерде қалықтап ұшып, екеуiне iлесiп отырады. Бір кезде Айдос:

– Мынау бір әдемі құс екен. Бұл неғып қатты ұша алмай жүр. Қане, қуып жетіп ұстап алайық, – дейді Бидосқа.

Бидос болса өзiнiң жалқаулығына салынып:

– Қойшы, Айдос. Ол құсты не істейсің? Ұстатпайды ол, – депті жүгіргісі келмей.

Айдос жалғыз өзі құсты ұстап алмақшы болып қуа жөнеліпті. Құс біраз жерге дейін Айдосқа жеткiзбепті. Бір кезде құс айналып ұшып келіп, Айдостың иығына өзi қоныпты. Айдос оны ендi ұстай бергенде, құсқа тіл бітіп, адамша сөйлей жөнеледі.

– Айдос, сен менi ұстамай-ақ қой. Мен сенiң иығыңа өзім келіп қондым ғой. Сен мені жақсылап тыңда. Мен жай құс емеспін. Мен бақ құсымын! Мен өзiң сияқты білімді, тілалғыш, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола алатын, барлық шаруаны тез әрі тиянақты аткаратын, спортпен шұғылданатын жандардың ғана иығына қонамын. Енді сенің өрiсiң кеңiп, жолың ашылады. Сен бақытты адам боласың, – деген бақ құсы лезде көзден ғайып бопты. Бұл жайға қатты таңырқаған Айдос көпке дейiн сол орнында тапжылмай тұрып калады. Оның қасына келген Бидос:

– Мен бәрiн көрiп тұрдым. Иығыңа қонған құстан неғып айырылып калдың, ұстап алмадың ба? – деп, Айдосты қағыта бастайды.

– Бидос, сен ол құстың қандай құс екенiн бiлмейсің ғой. Ол бақ құсы екен, – деген Айдос досына құстың айтқан сөздерін қаз-қалпында жеткізеді.

Бұл оқиға Бидоска қатты әсер етеді. Сол күннен бастап ол да Ай­досқа елiктеп кітап оқып, спортпен шұғылданып, жалқаулыктан арыла бастайды...

Кейiн екеуі де үлкен азамат болып, елiне қызмет етiп, бақытты ғұмыр кешіпті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика