Хакім Абайға
- Жаңартылды 18 Мамыр 2021
- Қаралды: 73
О, Абай! Жыр-өлеңнің иесі сен,
Ақыл-ой, хакімдіктің киесі сен.
Халықтың жүрек сырын жырға қосқан,
Кемеңгер, ойлы сөздің жүйесі сен.
Қазақтың жиған бойға бар асылын,
Жырлары жұртпен тапқан жарасымын.
Халқыңның жүрегінде жаса мәңгі,
Өр тұлға қайталанбас дара шыңым!
Алдияр МАРАТОВ,
Бексейіт орта мектебінің
10 сынып оқушысы.
Мамлют ауданы.