Жыр эстафетасы

Абай Құнанбаев – қазақтың дана ақыны. Атақты бабамыздың өлеңдерін бірінші сыныптан бастап жаттап келемін. Ал былтырғы оқу жылында ақынның өлеңдерін жатқа оқудан жыр эстафетасына қатыстым. Сыныптасым Олжас Төлегенов Абай атамыздың “Қыс” өлеңін жатқа оқып, жыр эстафетасын маған жолдады. Әрине, мен де қабыл алдым. Осылайша, сыныптағы оқушылардың барлығы ақынның бірнеше өлеңдерін жаттадық. “Әсемпаз болма әрнеге”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Желсіз түнде жарық Ай” өлеңдерін барлығымыз сүйіп оқимыз. Жақында ұстазымыз игі дәстүрді жалғай түсу мақсатында ақынның қара сөздеріне арналған сабақ өткізіп, хакімнің шығармашылығына деген қызығушылығымызды арттыра түсті. Абай атамыз: “Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан”, – деп бекер айтпаған болар. Біздің жақсы, тәрбиелі болып өсуіміз үшін Абай жырларының берер өнегесі мол. Енді біз атамыз жайлы жазылған еңбектермен танысуды бастадық.

Мейірхан ЕРМЕКБАЙ,

қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы.

Петропавл қаласы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика