ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАНАТТАНДЫРАДЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада аз қамтылған отбасыларға қатысты әлеуметтік қолдаудың жаңа тәртібін түсіндіру мақсатында “дөңгелек үстел” өтті. Оған көпбалалы аналар, ардагерлер мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

№2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Динара Әбішева тұрмысы төмен отбасыларға қатысты жаңа әлеуметтік шаралардың қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді. “Халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатын көздеген Елбасының “Nur Otan” партиясының ХVIII съезінде берген тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібі қабылданды. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың жиынтық кірісін есептеу кезінде “Күміс алқамен” және “Алтын алқамен” наградталған көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы және студенттік стипендиялар есепке алынбайтын болды. Бұл тұрмысы төмен отбасылар үшін үлкен көмек”, – деді ол.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика