ЖОМАРТ ЖҮРЕК ЖАСТАР

“Еріктілер лигасы" қоғамдық қорының облыстық филиалындағы волонтерлар қатарына мұқтаж жандарға шын ниетімен көмектесіп, өзгеге жақсылық іс­теуге қашанда дайын отыз ұл-қыз қосылды. Еріктілерді қатарға қабылдауға арналған салтанатты шара Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық-гуманитарлық колледжде өтті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 55

Ана өтініші ескерілді

Редакциямызға “WHATSAPP” желісі арқылы Есіл ауданы Чириковка ауылының тұрғыны Парасат Оразбаева хабарласты. Ол үстіміздегі жылдың шілде айында “Оңтүстіктен – солтүстікке” бағдарламасы бойынша өңірімізге қоныс аударған. Жалғызбасты әрі көпбалалы ана бағдарламаның мүмкіндіктерін таныстары арқылы естіп, қолындағы бар мал-мүлкін сатып, көшіп келген. Екі айдан бері табыстан таршылық көріп, жұмыссыз отырған келіншектің бар жиған-терген қаражаты таусылып, енді оның күнделікті азық да алуға жағдайы жоқ көрінеді. Хат иесі жергілікті билік берген баспанаға да көңілі толмай отырғанын жазыпты. “Үй ескі, іші суық. Қабырғасында он тоғызыншы ғасырда салынған ғимарат деп жазылып тұр. Кәмелет жасқа толмаған екі баламның денсаулығы үшін алаңдаймын”, – депті ауыл тұрғыны. Ол, сондай-ақ, үкімет тарапынан қоныс аударғандар үшін қандай жеңілдіктер жасалатынын сұрап білуді өтінген.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 68

Тынығады әрі ем алады

Облыстық ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері Айыртау ауданындағы Имантау көлінің жағасында орналасқан “Солнечный VIP” демалыс базасында болып, қызметімен танысты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 58

Картасы жоқтар артық төлейді

Петропавлда қалаішілік қо­ғамдық көліктерде электронды карта арқылы есеп айырысу жүйесі іске қосылмақ. Аталмыш жаңалықтықты енгізу желтоқсан айына жоспарланған.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 63

“СҮЙГЕНІҢДІ ҚЫЗҒАНЫШПЕН СУАРСАҢ гүлің сенің тікенек боп өседі..."

Айгүл қаладағы дәріханалардың бі­рінде мектепте бірге оқыған бала күнгі құр­бысы – Назымды кездейсоқ жолықтырып қалды. Алғашында сыртқы түр-сымбаты­на, киген киіміне, бір аяғын сылтып бас­қанына қарап танымай қалғаны рас. Оның ауылдағы мұ­ғалім – Әшірбайдың қызы, он бір жыл бойы бір партада отырған Назым екенін жібектей нәзік, құлаққа жағымды естілетін дауысы айтып тұрды. "Назым, бұл сенбісің? Қалай­сың, жаным? Өзгеріп кетіпсің ғой. Тұрмысқа шығып, балалы боламын деп, өзіңді-өзің жоғалтып алған­сың ба? Әлде бір үйдің от­ана­сы атан­ғанның жөні осы екен деп сұлу­лығыңа өз қолыңмен сызат түсірдің бе?", – деді мой­нынан қапсыра құшақтап тұрып. Назым болса үнсіз. Оның көңіл күйінің тү­сіңкі, жағдайының мәз емес екенін жана­рынан ақ көйлегіне ыршып түскен көз жасы жа­йып салғандай. Амандық-саулық сұра­сып бол­ғандары сол еді, Назым өзінің асы­ғыс еке­нін, сыртта көлікте күйеуі күтіп отыр­ғанын айтты. Сәл кешіксе басына әң­гір-таяқ ойна­та­тынын ым-ишарамен жет­кізді де, дәріха­на­дан шығып кетті. "Өз көзі­ме өзім сенер емеспін. Ой, Алла, айнал­дыр­ған бірер жылдың бедерінде өне бойы­нан мін та­былмаған қыз да көріксіз келін­шекке ай­налады екен-ау?! Тағдыр-ай, На­зымға сонша қатал болғаның не? Әлде оған бәрі­міздің тіліміз тиіп, көзіміз өтті ме екен?", – деді Айгүл іштей күбірлеп.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 69

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика