Біркүндік еңбекақыларын аударды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске үлес қосу мақсатында біркүндік жалақыларын аударып, медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн. теңге қаржы жинады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды. Олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 149

АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА – ҮЛКЕН ҚОЛДАУ

“Белсенді жастар” қоғамдық бірлестігі “Birgemiz: Bilim” жалпыұлттық жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын отбасылардың және ауылдық жерлерде тұратын балаларды қамтып, оларға қолдау көрсетуге бағытталған.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 94

АЙДАЛАДА АҚ ОТАУ, АУЗЫ-МҰРНЫ ЖОҚ ОТАУ Жергілікті әкімдіктің салғырттығының салдары

“Оңтүстіктен – солтүстікке” көшу мемлекеттік бағдарламасының ұтымды тұстары көп екені тәжірибеде дәлелденген. Жобаның түпкі мақсаты – “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауында атап өтілгендей, еңбек нарығын жаңғыртуды басты бағдар ете отырып, халықты жиі шоғырланған өңірлерден жұмыс күші тапшы солтүстік аймақтарға ұтқырлықпен көшіру, сөйтіп экономикалық және демографиялық тұрғыдан теңестіру болып табылады. Болжам бойынша, 2050 жылға таман күнгей жақтарда халық саны 5 миллионнан асып, жұмыссыздық мәселесі күрделене түспек.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 191

ТОЙҒА ТЫЙЫМ БОЛМАЙ ТҰР

Елімізде карантин жарияланғалы қоғамдық шараларды айтпағанда, отбасылық жиын-тойларға да шектеу қойылды. Тіпті, сақтық үшін жаназа намазына қатысу тәртібі бекітілді. Алайда, өлімнен қалмайтын қазақ үшін талапқа бағыну оңай болмай тұр. Мейрамханалардың артқы есігінен тығылып кіріп, жасырын той өткізгендері де түсіну қиын. Сол немқұрайдылықтың кесірінен қаншама адам ауру жұқтырып, ажал құшты. Жан-жағын жалынша жайпаған, талай тағдырдың тамырына балта шапқан қауіпті індеттің таралуына өзіміз жол ашып бергеніміз қалай?

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 164

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Біз бір орында тұрмайтын, үнемі өзгеріске түсіп отыратын әлемде өмір сүрудеміз. Бізді бір қаладан екінші қалаға көшіп немесе саяхаттап жүрген толассыз, сансыз адамдар қоршайды. Азық пен су, жер ресурстары, жанар-жағармайға деген қажеттіліктердің өсуі, климаттың өзгеруі және тағы басқа факторлар халық санының өсуіне немесе кемуіне әсерін тигізуде.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 45

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика