“СҮЙГЕНІҢДІ ҚЫЗҒАНЫШПЕН СУАРСАҢ гүлің сенің тікенек боп өседі..."

Айгүл қаладағы дәріханалардың бі­рінде мектепте бірге оқыған бала күнгі құр­бысы – Назымды кездейсоқ жолықтырып қалды. Алғашында сыртқы түр-сымбаты­на, киген киіміне, бір аяғын сылтып бас­қанына қарап танымай қалғаны рас. Оның ауылдағы мұ­ғалім – Әшірбайдың қызы, он бір жыл бойы бір партада отырған Назым екенін жібектей нәзік, құлаққа жағымды естілетін дауысы айтып тұрды. "Назым, бұл сенбісің? Қалай­сың, жаным? Өзгеріп кетіпсің ғой. Тұрмысқа шығып, балалы боламын деп, өзіңді-өзің жоғалтып алған­сың ба? Әлде бір үйдің от­ана­сы атан­ғанның жөні осы екен деп сұлу­лығыңа өз қолыңмен сызат түсірдің бе?", – деді мой­нынан қапсыра құшақтап тұрып. Назым болса үнсіз. Оның көңіл күйінің тү­сіңкі, жағдайының мәз емес екенін жана­рынан ақ көйлегіне ыршып түскен көз жасы жа­йып салғандай. Амандық-саулық сұра­сып бол­ғандары сол еді, Назым өзінің асы­ғыс еке­нін, сыртта көлікте күйеуі күтіп отыр­ғанын айтты. Сәл кешіксе басына әң­гір-таяқ ойна­та­тынын ым-ишарамен жет­кізді де, дәріха­на­дан шығып кетті. "Өз көзі­ме өзім сенер емеспін. Ой, Алла, айнал­дыр­ған бірер жылдың бедерінде өне бойы­нан мін та­былмаған қыз да көріксіз келін­шекке ай­налады екен-ау?! Тағдыр-ай, На­зымға сонша қатал болғаның не? Әлде оған бәрі­міздің тіліміз тиіп, көзіміз өтті ме екен?", – деді Айгүл іштей күбірлеп.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 75

ӨЖЕТ ӨРТСӨНДІРУШІ

Биыл төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында өртсөндірушілер мен құтқарушылар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Өзгенің өмірін өлімнен арашалау үшін өз бастарын қатерге тігіп жүрген қайсар жандардың бірі – Петропавл қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Аманжол Қоспанов.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 76

Ұсыныстар қолдау тапты

Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалы­ның ұйымдастыруымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Оған жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқыға салды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 31

ҚУАТТЫ ТЕХНИКА — АПАТҚА ТОСҚАУЫЛ

Құтқарушы күні қарсаңында Петропавл қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда арнайы техникалардың көрмесі өтті. Шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің төтенше жағдайларға дайындығын тексерді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 40

Бес саябақ салынбақ

Облыс әкімі қалада салынып жатқан бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 34

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика