БАСТЫ БАҒДАР – ТҰРМЫСТЫ ТҮЗЕУ

Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларында ерекше көрініс тапқан. Сондықтан Тұңғыш Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыру, еліміздің одан әрі дамуына атсалысу – басты мақсатымыз.

“Nur Otan” партиясының ХVІІІ съезінде Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқаны, әлемнің өркениетті саналатын отыз мемлекетінің қатарына кірудің маңызы ерекше атап өтілді. Егер халықтың көңілі тоқ болса, еліміздің де экономикалық көрсеткіші оң қарқынмен алға жылжитыны анық. Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүйелі орындау үшін бүгінде негізгі үш бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біріншіден, азаматтардың еңбекақысын көтеру және халықтың аз қамтылған тобына қолдау жасау, екіншіден, табысы төмен азаматтарға тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсету және білім мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, үшіншіден, өңірлерді дамытудың кешенді бағдарламаларын іске асыру.
Бүгінде елімізде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды. Жоба Тимирязев ауданында да сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарламаның қатысушыларын қысқамерзімді кәсіби және техникалық біліммен қамтамасыз етуге, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға баса мән берілген. Сондай-ақ, тұрғындарды жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту күн тәртібінде тұрған мәселе екенін баса айтып өткенім жөн.
Бірінші бағыт бойынша бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсіби біліммен қамтамасыз ету үшін биыл елуге жуық үміткерді оқыту жоспарланған. Аудандағы агротехникалық колледж білім беру базасы ретінде кадрларды даярлайды.
Үстіміздегі жылы жеті қатысушыны қысқамерзімді кәсіби біліммен қамтамасыз ету үшін Петропавл құрылыс-экономикалық колледжімен келісімшарт жасалды. Соның аясында бірнеше есепші мен аспаз және дәнекерлеуші даярлануда.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарлама қатысушыларын “Бизнес Бастау” жобасы арқылы кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту қарастырылған. Болашақ кәсіпкерлерге шағын несие мен кепілдік беру арқылы қолдау көрсету (“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ, серіктестіктер мен шағын несие ұйымдары арқылы), сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды дамытуға гранттар беру көзделген.
2019 жылдың бірінші тоқсанында “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” акционерлік қоғамына 22 өтінім берілді. Жаңа бизнес-жоспарды дамыту үшін отыз бір жобаға мемлекеттік грант бөлінді. Үстіміздегі жылдың ақпан айында он жеті адам грантқа қол жеткізді. Мұндай жеңілдіктер тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, кәсіпкерлікпен айналысуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға жағдай жасайды. Тұрғындарды жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша ауданымызда әлеуметтік жұмыс орындарын ашу көзделуде. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін он төрт жұмыс берушіден 29 жұмыс орнына өтінім түсті.
Тұңғыш Президентіміз өз Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы қажеттігін атап өткен болатын. Сондай-ақ, Үкіметке жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруды жүктеді. Жолдау жүктеген міндеттер бойынша ауданымызда жастар тәжірибесін ұйымдастыру іске асырылуда. 2019 жылы “Жастар тәжірибесі” жобасын жүзеге асыру аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, ел ертеңдеріне ерекше сенім артылып отыр. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарды қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Биылғы жоспар бойынша 103 адамды қоғамдық жұмыспен қамту үшін жергілікті бюджеттен 6 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінімдер қабылданып, он үш адам іске кірісті.
Адам өмірінің мәні еңбек ету ғана емес, ұрпақ тәрбиелеу екенін де естен шығармауға тиіспіз. Сондықтан отбасы құндылығы, бала тәрбиесі ерекше назар аударатын мәселе. Өйткені, отбасы – қоғамның тірегі. Мемлекет аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында биылдан бастап жәрдемақы төлеудің жаңа тәртібін енгізгені белгілі. Шілде айында ауданымыздағы 353 адам атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізеді.

 

Үмітжан НҰРТАЗИНА,  Тимирязев ауданы әкімінің  әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика